Philips HP6574 User Manual page 32

Philips epilator user manual
Hide thumbs Also See for HP6574:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
32
32
ҚазаҚша
абайлаңыз
-
Құралдар, қосымша немесе адаптер зақымдалған немесе сынған болса,
жарақат алмас үшін оларды қолданбаңыз.
-
Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
түпнұсқасымен ауыстыру керек.
-
Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның орнына
басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті жағдай туғызады.
-
Осы эпилятор мен жоғары дәлдікті эпилятор қозғалыс, есту-көру не ой
қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың
(соның ішінде балалардың) қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз
немесе құралдарды пайдалану туралы нұсқауынсыз қолдануына арналмаған.
-
Балалардың эпилятормен, жоғары дәлдікті эпилятормен ойнамауын қадағалаңыз.
-
Қысқа тұйықтау болмау үшін, эпилятордың штепсельдік ұшына арналған
ұяға темірі бар затты кіргізбеңіз.
Ескерту
-
Эпилятор тек әйелдер денесіндегі мойыннан төмен орналасқан түктерді
(қолтық, бикини тұсы және аяқ) жұлуға арналған. Оны басқа мақсатта
қолдануға болмайды.
-
Жоғары дәлдікті эпиляторды тізе мен сирақ сияқты қол жетпейтін
жерлерде де пайдалануға болады.
-
Гигиенаны сақтау мақсатында, эпилятор мен жоғары дәлдікті эпиляторды
тек бір адам пайдалануы керек.
-
Зақым мен жарақат алу жағдайларын болдырмау үшін, жұмыс істеп 
тұрған құралдарды (қосымшасы орнатылған немесе
орнатылмаған) бастың шашынан, қастардан, кірпіктерден, киімдерден,
жіптерден, сымдардан, щеткалардан, т.б. заттардан аулақ ұстаңыз.
-
Эпилятор мен жоғары дәлдікті эпиляторды тітіркенген, варикозы, майда
бөртіктері, безеуі, қалдары (түкті қалдар) бар теріге немесе жараларға
қолданар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Иммунитеті төмен немесе қант
диабетімен, гемофилия ауыруымен немесе иммунодефицитпен ауыратын
адамдардың да алдымен дәрігерлерімен кеңескені дұрыс.
-
Эпиляторды немесе жоғары дәлдікті эпиляторды алғашқы бірнеше рет
қолданғанда тері кішкене қызаруы немесе тітіркенуі мүмкін. Бұл —
қалыпты жағдай және тез арада жоқ болады. Құралды көбірек қолданған
сайын теріңіз эпиляцияға үйрене бастайды, тері тітіркенуі азайып, қайта
өскен түктер жұқа және жұмсақ болады. Егер үш күн ішінде терінің
тітіркенуі басылмаса, дәрігерге көрінгеніңіз жөн.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hp6574/01Hp6574/11Hp6574/10Hp6574/00Hp6574 iib

Table of Contents