Samsung UE43AU7100U User Manual page 22

Hide thumbs Also See for UE43AU7100U:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 10
03 Ақаулықты түзету және жөндеу
Ақаулықты түзету
Қосымша ақпарат алу үшін, e-Manual құжатындағы
«Ақаулықтарды жою» немесе «Жиі қойылатын сұрақтар»
бөлімін қараңыз.
>
Параметрлер > e-Manual > Ақаулықты түзету немесе
Жиі қойылатын сұрақтар
Егер ақаулықтарды жою туралы кеңестердің ешқайсысы
қолданылмаса, «www.samsung.com» сайтына кіріп, қолдау
көрсету немесе Samsung қызмет көрсету орталығына
хабарласу түймесін басыңыз.
• Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі
технология бойынша жасалған кіші пикселдер
қолданылды. Дегенмен, экранда шамалы жарық немесе
күңгірт пикселдер бар болуы мүмкін. Бұл пикселдер
құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.
• ТД-ды оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық
жасақтаманы соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз.
Теледидар мәзіріндегі Қазір жаңарту немесе Автоматты
жаңарту функцияларын (
Бағдарламалық қамт-ды жаңарту > Қазір жаңарту немесе
Автоматты жаңарту) пайдаланыңыз.
ТД іске қосылмайды.
• АТ қуат сымының теледидарға және қабырғадағы
розеткаға мықтап сұғылғанына көз жеткізіңіз.
• Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп және
теледидардың астыңғы жағындағы қашықтан басқару
датчигінің қызыл түспен жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Теледидардың астыңғы жағындағы Теледидарды
басқарушы түймесін басып, ақаулықтың қашықтан
басқару пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз.
Егер теледидар іске қосылса, "Қашықтан басқару пульті
жұмыс істемейді" деген тармақты қараңыз.
Қазақ - 6
>
Параметрлер > Қолдау >
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.
• Пульттің Қосу түймесін басқанда теледидардың төменгі
жағындағы пульт датчигінің жыпылықтай ма екенін
тексеріңіз.
– AU сериялары: Егер жыпылықтамаса, қашықтан басқару
пультінің батареяларын ауыстырыңыз. Батареялардың
полюстерінің (+/–) дұрыс бағытта орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Батареяның қолданыс мерзімін ұзарту үшін
сілті батареяларын пайдалануды ұсынамыз.
– Q сериялары: Қашықтан басқару пультінің батареясы
таусылып қалған кезде, USB зарядтау порты арқылы
батареяны зарядтаңыз немесе күн панелін жарыққа
қарату үшін қашықтан басқару пультін теріс қаратыңыз.
• Қашықтан басқару пультін теледидарға 1,5-1,8 м
қашықтықтан бағыттаңыз.
• Егер теледидармен бірге Samsung Smart қашықтан
басқару пульті (Bluetooth қашықтан басқару пульті) келсе,
оны теледидармен жұптастыруды ұмытпаңыз. Samsung
Smart қашықтан басқару пульті қашықтан басқару пультін
жұптастыру үшін
+
түймелерін бірге 10 секундтай
басып тұрыңыз.
Эко сенсор және экранның жарықтылығы
Эко сенсор ТД экранының жарықтылығын автоматты
түрде реттейді. Бұл функция бөлменің ішіндегі жарықты
өлшейді және пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін
ТД жарықтылығын автоматты түрде оңтайлы етеді. Бұл
функцияны сөндіргіңіз келсе,
> Қуатты және энергияны үнемдеу режимі > Ашықтықты
оңтайландыру параметріне өтіңіз.
• Эко сенсоры теледидардың астыңғы жағында орналасқан.
Сенсорды ешбір затпен бүркемеңіз. Бұл суреттің
жарықтылығын азайтуы мүмкін.
>
Параметрлер > Жалпы

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents