Қорап Ішінде Не Бар - Samsung BE32R-B User Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 22
01 Қорап ішінде не бар?
Келесі бөлшектердің теледидар жинағына кіретініне көз жеткізіңіз. Керек-жарақтардың бірі жетіспесе,
дилерге хабарласыңыз.
• Қашықтан басқару пульті & батареялар (AAA x 2)
• Пайдаланушы нұсқаулығы
• Теледидар қуатының кабелі
Қуат адаптері
(Елге және үлгі түріне байланысты)
АТ/ТТ қуат адаптерін жоғары қарап тұрған сымы ілулі болып қойсаңыз, су не басқа бөгде заттар адаптер
ішіне еніп, адаптердің ақаулығын тудыруы мүмкін.
АТ/ТТ қуат адаптерін міндетті түрде үстел не еденге тегіс жатқызыңыз.
• Элементтердің түсі мен формасы теледидар үлгісінің түріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
• Жинаққа кірмеген сымдарды жеке сатып алуға болады.
• Қорапты ашқан кезде керек-жарақтардың орам материалдарының артқы жағында немесе ішінде
қалып қоймағанына көз жеткізіңіз.
Келесі жағдайларда әкімшілік төлемақы алынуы мүмкін:
(a) Техникті үйге шақырсаңыз, бірақ құрылғыдан ешбір ақау табылмаса, (яғни, пайдаланушы
нұсқаулығын оқымасаңыз).
(ә) Құрылғыны Samsung жөндеу орталығына апарсаңыз, бірақ құрылғыдан ешбір ақау табылмаса,
(яғни, пайдаланушы нұсқаулығын оқымасаңыз).
Техник маман үйіңізге келер алдында сіз төлейтін төлемақы мөлшерін хабарлайды.
Ескерту: Дұрыс ұстамаған кезде түскен салмақтың
әсерінен экранға зақым келуі мүмкін. Теледидарды
суретте көрсетілгендей екі шетінен ұстап көтеруді
ұсынамыз.
Қазақ - 6
• Кепілдік түбіртегі / Реттеуші құжаттама (кейбір
жерлерде болмайды)
Бұл экранға
қол
тигізбеңіз!

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Be43r-bLh32berelga

Table of Contents