Bosch Professional GTA 3800 Original Instructions Manual page 83

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 15
Жұмыс үстелін монтаждау
Жинақтағы барлық бөліктерді абайлап орауыштан
шығарып алыңыз.
Барлық орауыш материалдарын алып тастаңыз.
Жұмыс үстелін орнату (A1−A2 суреттерін қараңыз)
– Жұмыс үстелін, аяқтарын жоғары қаратып, жерге
қойыңыз.
– Бекіткіш штифтіні (15) ішке басып, аяқты, бекіткіш
штифт шерту дыбысымен қайтадан тірелгенше,
жоғары қайырыңыз.
– Бұл әрекетті басқа үш аяққа қайталап шығыңыз.
– Жұмыс үстелін жұмыс күйіне бұраңыз.
– Жұмыс үстелінің тұрақтылығына және барлық бекіткіш
штифтілердің тіркелгеніне көз жеткізіңіз.
– Биіктігі реттелетін аяқ (9) пайдаланушыға жұмыс
үстелін туралауға көмектеседі.
– Аяқты, жұмыс үстелі тегіс тураланғанша және барлық
төрт аяғы жерде тұрғанша бұрап кіргізіңіз немесе
шығарыңыз.
Роликті тіреуішті монтаждау (B1 суретін қараңыз)
– Роликті тіреуіштің (7) крест ойықты бұрандасын
жеткізілім жинағындағы крест ойықты бұрауышпен
(14) бұрап орнатыңыз.
Қажет болса, роликті тіреуіштің басқа жағындағы
контргайканы гайка бұрауышымен (10 мм) қарсы
ұстап тұрыңыз.
– Роликті тіреуішті (7) бөлшектеңіз.
Бөлек роликтерді ішкі ирек оймалы қарнақтың көмегімен
құрал тіреуішіне орналастырудың әртүрлі мүмкіндіктері
бар.
– Бөлек компоненттерді қалауыңызша орналастырыңыз
және ішкі ирек оймалы қарнақты роликтер арқылы
және дайындама тіреуіші (1)арқылы жылжытыңыз.
– Барлық компоненттерді қайтадан бұрап бекітіңіз.
Дайындама тіреуішін монтаждау (B2 суретін
қараңыз)
– Бекіткіш тетікті (3) босатып, жұмыс үстелінің екі
жағындағы үстел ұзартқыштарын (2) сәл сыртқа
тартыңыз.
– Дайындама тіреуіштерін (1)сол мен оң жақтан жұмыс
үстелінің немесе үстел ұзартқышының жоғарғы
ойығына кіргізіңіз.
– Бұл ретте ұзындық шектегіштері (8) сыртқа қарап
тұруы тиіс.
– Дайындама тіреуішін бұғаттау үшін бекіткіш тетікті (6)
тартып қойыңыз.
Жұмыс үстелін дайындау
Фиксаторлар жинақтарын дайындау (C1−C4
суреттерін қараңыз)
– Фиксаторлар жинақтарын (4) босату үшін түймелерді
(16) басып, иінтіректі (17) ашыңыз.
– Электр құралыңыздағы монтаждық саңылаулардың
арасындағы x қашықтығын өлшеңіз.
Bosch Power Tools
– Фиксаторлар жинақтарын (4) жұмыс үстелінің
ортасында және жарамды x арақашықтығында
орналастырыңыз.
– Иінтіректі (17) қайтадан жауып қойыңыз. Бұл ретте
фиксаторлар жинақтары жұмыс үстеліне берік
орналастырылады.
Жұмыс үстелін орнату (D суретін қараңыз)
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
Тасымалдау күйі бойынша нұсқауларды тиісті электр
құралының пайдалану бойынша нұсқаулығынан
қараңыз.
– Жылжымалы гайкаларды (18) электр құралының
монтаждық саңылауларына сәйкестендіріп,
фиксаторлар жинақтарына орналастырыңыз.
– Жеткізілім жинағындағы дөңбек кілттің (14) көмегімен
фиксаторлар жинағын және электр құралын алты
қырлы бұрандалармен және бекіткіш жинақтың (19)
астына салатын шайбаларымен бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
Пайдалану нұсқаулары
Дайындаманы, оның ұзын, ауыр бөлігін әрдайым қатты
ұстаңыз. Дайындаманы ажыратқан соң салмақ орталығы
өзгеріп, жұмыс үстелі аударылуы мүмкін.
Жүмыс үстелін артық жүктемеңіз. Жұмыс үстелінің
максималды жүк көтерімділігін ескеріңіз.
Дайындама таянышын дайындау
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып
тіреу керек.
Дайындама тіреуішінің биіктігін реттеу (E суретін
қараңыз)
– Дайындаманы электр құралының аралау үстеліне
қойыңыз.
– Бекіткіш тетікті (5) босатып, роликті тіреуіштің (7)
биіктігін, дайындамаңыз тік жататындай реттеп
шығыңыз.
– Бұл бекіткіш тетікті қайтадан тартыңыз.
Ұзындығы бірдей дайындамаларды аралау (F суретін
қараңыз)
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін
ұзындық шектегішін (8) пайдалануға болады.
– Ұзындық шектегішін (8) тірелгенше жоғары қарай
тартыңыз.
– Дайындама тіреуішін (1)электр құралының ара
төсеміне дейінгі қажетті арақашықтықта
орналастырыңыз.
– Ұзындық шектегішін (8) кіргізу үшін ұзындық
шектегішін ішке төңкеріп, толықтай төмен басыңыз.
Жұмыс үстелін ұзарту (G суретін қараңыз)
Жұмыс үстелін екі жағынан да ұзартуға болады.
Қазақ | 83
1 609 92A 6JA | (06.09.2021)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

3 601 m24 001

Table of Contents