Download Print this page

Ariston H6TMH4AF Operating Instructions Manual page 42

Cooker and oven

Advertisement

Available languages

Available languages

Күтім жəне техникалық
қызмет көрсету
Құрылғыны өшіру
KZ
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны токтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер жəне резеңке тығыздағыштар жылы
суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
жақсылап шайып, құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Тазалауды жеңілдету үшін плита торларын, оттық
қақпақтарын, жалынды тарату сақиналарын
жəне оттықтарды алып тастауға болады; оларды
абразивті емес жуғыш зат қосылған ыстық суда
жуып, жақсылап кептірмес бұрын күйіп қалған
қалдықтардың барлығы кеткенін тексеріңіз.
• Жалынның өшіп қалуына қарсы
сақтандырғыштардың* шеткі бөліктерін жиі
тазалап тұру керек.
• Пештің іші əрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Пеш есігінің əйнегін ысқышпен жəне қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш
затты немесе өткір темір қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі олар əйнек бетін тырнап,
оның сынуына əкелуі мүмкін.
• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты
жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш
машинаға жууға болады.
• Оттықтар жанып тұрғанда немесе əлі ыстық
болған кезде қақпақты жаппаңыз.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі Өкілетті сатудан кейін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз. Тығыздағыштар
ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды
ұсынамыз.
*
Тек белгілі модельдерде болады.
42
Пеш шамын ауыстыру
1. Пешті токтан ажыратқаннан
кейін шам ұясын жауып тұрған
шыны қақпақты шешіп алыңыз
(
2. Шамды алып, оны сондай
басқа шаммен ауыстырыңыз:
кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт,
цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып, пешті токқа қайтадан
қосыңыз.
Газ шүмегіне техникалық қызмет
көрсету
Уақыт өте вентильдер қатып қалуы немесе
бұрылмай қою мүмкін. Мұндай жағдай орын алса,
вентильді ауыстыру керек.
Бұл процедураны өндіруші өкілет берген білікті
маман орындауы тиіс.
Көмек
Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан
қабылдамаңыз.
Келесі мəліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Туындаған проблема түрі.
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Мəліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының
деректер тақтасынан көре аласыз.
).

Advertisement

loading