Техникалық Қызмет Көрсету - Makita 9910 Instruction Manual

Belt sander
Hide thumbs Also See for 9910:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Шаң қапшығы
► Сурет5: 1. Шаң түтігі 2. Шаң қапшығы
Шаң түтігіне шаң қапшығын бекітіңіз. Шаң түтігі
соңына қарай сүйірленген. Шаң қапшығын бекіткен
кезде жұмыс барысында шығып кетпеуі үшін оны
шаң түтігіне орныққанша мықтап итеріңіз.
Шаң қапшығы шамамен жартылай толғанда, оны
құралдан алып, бекіткішті тартып шығарыңыз. Шаң
қапшығының ішіне жабысып қалған бөлшектерді сәл
қағып түсіріп тастаңыз, әйтпесе олар шаңды одан әрі
жинауға кедергі келтіруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Егер бұл құралға Makita шаңсорғышын
қоссаңыз, жұмысты бұрынғыдан да тиімді әрі
ұқыпты жасай аласыз.
Makita шаңсорғышына жалғау
► Сурет6: 1. Ішкі диаметрі 28 мм қосымша
шланг 2. Шаңсорғыштың шлангісі
3. Шаңсорғыш
Ажарлау жұмыстарын таспалы ажарлағыш
машинаны Makita шаңсорғышына қосу арқылы таза
орындауға болады.
Makita шаңсорғышына қосу кезінде ішкі диаметрі 28
мм қосымша шланг қажет.
ПАЙДАЛАНУ
Ажарлау жұмыстары
► Сурет7
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды қосу немесе өшіру кезінде ол
өңделетін бөлшекпен жанасып тұрмауы тиіс.
Әйтпесе ажарлау жұмысы нашар орындалуы
мүмкін немесе таспаның зақымдалуы
ықтимал.
Құралды екі қолыңызбен мықтап ұстаңыз. Құралды
іске қосыңыз және ол толық жылдамдыққа жеткенше
күтіңіз. Содан кейін құралды өңделетін бөлшектің
бетіне мұқият орналастырыңыз. Таспаны өңделетін
бөлшекпен әрдайым беттестіріп ұстаңыз және
құралды ілгері-кейін жылжытыңыз.
Құралға қатты күш түсірмеңіз. Құралдың салмағы
жеткілікті қысым түсіреді. Шамадан тыс түсірілген
қысым құралдың кептеліп қалуына, мотордың қызып
кетуіне, өңделетін бөлшектің күюіне және ықтимал
кері соққыға әкелуі мүмкін.
Қысқыштар (қосымша
керек-жарақ)
Құрылғыны төңкерілген күйінде пайдалануға
болады. Осылай пайдалану үшін құрылғыны
орнықты жұмыс үстеліне екі қысқышпен бекітіп
қойыңыз.
► Сурет8: 1. Қысқыштар
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізбес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екеніне және желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде
құралдың түссізденуі, бүлінуі немесе онда
жарықтар пайда болуы мүмкін.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстары, графитті
қылшақты тексеру және алмастыру, кез келген
басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу
жұмыстары Makita компаниясының өкілетті немесе
Зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан
(Makita қосалқы бөлшектерін қолдана отырып)
орындалуы керек.
ҚОСЫМША
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Бұл керек-жарақтарды немесе
қондырмаларды осы нұсқаулықта көрсетілген
Makita құралымен бірге пайдаланған дұрыс.
Басқа керек-жарақтар мен қондырмаларды
пайдалану адамдардың жарақаттануына
әкелуі мүмкін. Керек-жарақты немесе
қондырманы тек мақсатына сәйкес
пайдаланыңыз.
Осы керек-жарақтар туралы қосымша мәлімет алу
үшін жергілікті Makita қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ысқыш таспалар
Шаң қапшығы
Қысқыш
Ішкі диаметрі 28 мм шланг
ЕСКЕРТПЕ:
Тізімдегі кейбір элементтер стандартты
керек-жарақтар ретінде құралдың
қаптамасында болуы мүмкін. Олар әр елде
әртүрлі болуы мүмкін.
18 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

9911

Table of Contents