LG FORCE HBS-S80 User Manual page 51

Bluetooth wireless stereo headset
Hide thumbs Also See for FORCE HBS-S80:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Ескі батареяларды және аккумуляторларды шығарып алу
(ТЕК кірістірілген батареясы бар өнім)
- Өнімнің ішінде пайдаланушы шығарып ала алмайтын батарея кірістірілгендіктен,
LG компаниясы өнімді пайдалану мерзімі аяқталғанда оны алмастыру немесе
қайта өңдеу үшін батареяны тек білікті маманның шығарып алуына кеңес береді.
Өнімді зақымдап алмас үшін және өз қауіпсіздігі үшін пайдаланушы батареяны
шығарып алуға тырыспағаны дұрыс және LG Service Helpline қызметіне немесе
көмек алу үшін басқа жеке қызмет көрсету провайдеріне хабарласқаны жөн.
- Батареяны шығарып алу үшін өнімді бөлшектеу, кабельдердің/түйіспелерінің
байланысын ажырату және батарея ұясын арнайы құралдармен абайлап алу керек.
Батареяны қауіпсіз шығарып алу бойынша білікті маманның нұсқауы қажет болса,
http://www.lge.com/global/sustainability/environment/take-back-recycling бетіне кіріңіз.
5. Bluetooth құлақаспабындағы батареяны кәдеге жарату
Bluetooth құлақаспабындағы батареяны қоқысқа дұрыс тастау керек және қалалық
қалдықпен бірге тастамау керек. Батареяны шығаратын LG Electronics қызмет
көрсету серіктесі оны жергілікті ережелерге сәйкес тастайды.
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
1 Егер батареяның құрамындағы сынап 0,0005 %, кадмий 0,002 %
немесе қорғасын 0,004 % мөлшерінен артық болса, бұл таңбамен
бірге сынап (Hg), кадмий (Cd) немесе қорғасынның (Pb) химиялық
таңбалары берілуі мүмкін.
2 Барлық батареялар/аккумуляторлар қалалық қоқыстан бөлек,
мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері белгілеген
арнайы жинау орындарына өткізілуі тиіс.
3 Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға, жануарларға және адам денсаулығына қауіп
төндіретін зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
4 Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау туралы
толық ақпаратты қала әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен
немесе өнімді сатып алған дүкеннен алуға болады.
6. Шарттар
- Жөндеуге немесе ауыстыруға әкелген өніммен бірге сатып алған күні мен сериялық
нөмірі көрсетілген, делдал бастапқы сатып алушыға берген түпнұсқа түбіртек
болғанда ғана кепілдік жарамды болады. Өнімді делдалдан бастапқыда сатып
алғаннан кейін бұл ақпарат жойылып кеткен немесе өзгертілген болса,
LG Electronics компаниясы кепілдік қызметінен бас тарту құқығын өзінде қалдырады.
13

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents