Download Print this page

Philips AVENT AirFree SCD808/01 Manual page 5

Baby bottle

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 8
Бірінші рет пайдалану алдында
Барлық бөлшектерді бөлшектеп, тазалап,
қайнаған суға 5 минутқа салу немесе
Philips Avent стерилизаторы арқылы
зарарсыздандырыңыз. Бұл — гигиенаны
қамтамасыз ету үшін қажетті қадам.
Құрастыру
Емізік пен бұранда сақинаны құрастыру
алдында бөтелкеге AirFree шығару саңылауын
салыңыз. Емізік тігінен болсын десеңіз,
қақпақты міндетті түрде тігінен қойыңыз
(қосымша мәліметтерді кескіннен қараңыз).
Емізікті тігінен жоғары тартудың орнына оны
әрі-бері қозғалтып тартсаңыз, оны құрастыру
оңай болады.
Ескерту: Қоспаны дайындаған кезде,
AirFree шығару саңылауы бітеліп
қалмауы үшін, қоспа толығымен
ерігенін тексеріңіз.
Ескертпе: Нәрестені емізу алдында емізікті
үнемі төңкеру арқылы сүтке толы екендігін
тексеріңіз. Емізу кезінде AirFree шығару
саңылауы нәресте мұрны деңгейінде жоғары
қаратылғанын тексеріңіз (кескінді қараңыз).
Philips Avent Anti-colic және Classic+
бөтелкелерін де AirFree шығару
саңылауынсыз пайдалануға болады.
Тазалау және сақтау
Гигиенаны қамтамасыз ету үшін әр қолданыс
алдында барлық бөлшектерді тазалаңыз.
Әр қолданыстан кейін барлық бөлшектерін
бөлшектеп, жылы сабын суда жуып, тағам
қалдықтарын кетіріп, дұрыстап шайыңыз.
Одан кейін Philips Avent стерилизаторымен
зарарсыздандырыңыз немесе 5 минут
қайнатыңыз. Зарарсызданған компоненттерді
ұстар алдында, қолыңыздың жуылғанын және
беттердің таза екендігін тексеріңіз. Қайнаған
сумен зарарсыздандыру кезінде бөлшектер
табаның бүйіріне тимейтінін тексеріңіз. Бұл
Philips компаниясы жауапты бола алмайтын
өнімнің түзелмес деформациясына, ақауына
немесе зақымына себеп болуы мүмкін.
Тамақтың түстері бөлшектерді түссіздендіруі
мүмкін. Бұл өнімді ыдыс жуғыш машинада
жууға болады. Қызып тұрған пешке
салмаңыз. Абразивті немесе бактерияға
қарсы тазалау агенттері бар беттерге
бөтелке бөлшектерін тигізбеңіз немесе
қоймаңыз. Емізіктерді 3 ай сайын ауыстыруды
ұсынамыз. Бөлшектерін құрғақ, жабылатын
контейнерді сақтаңыз. Емізікті және/немесе
AirFree шығару саңылауын күннің сәулесі
түсетін немесе ыстық болатын жерде,
сондай-ақ зарарсыздандыру құралында
(зарарсыздандыру ерітіндісінде) ұсынылған
уақыттан ұзақ қалдырмаңыз, әйтпесе
бөлшектер жұмсарып кетеді.
Үйлесімділігі
AirFree шығару саңылауы тек 4 унция/125 мл,
9 унция/260 мл және 11 унция/330 мл Philips
Avent Anti-colic және Classic+ бөтелкелерімен,
емізікпен және бұранда сақинамен жұмыс
істейді. Ауыстырылатын емізіктер бөлек
сатылады. Бөтелкенің дұрыс бұрандалы
сақинасына сәйкес дұрыс емізікті таңдаңыз:
Philips Avent Anti-colic ауқымының емізіктері
тек Philips Avent Anti-colic ауқымының бұранда
сақиналарына бекітіледі. Нәрестеңіз үшін
дұрыс емізікті таңдау туралы қосымша
ақпаратты www.philips.com/avent
веб-сайтынан қараңыз.
Қолдау көрсету
Ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/support веб-сайтына
кіріңіз.

Advertisement

loading