Panasonic CF-VEBD11 Series Safety Precautions And Regulatory Information page 72

Cradle
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Сақтық шаралары
Науаны ашық қалдырмаңыз жəне линзаға
немесе линза датчигінің басқа бөліктеріне
тимеңіз.
Лазер датчигі мен дискті кейбір жағдайларда
шаң басуы мүмкін. Ол оқуға немесе жазуға
кедергі жасауы мүмкін.
Ашық кезде науаға шамадан тыс күш
түсірмеңіз.
Жетектің ішіне қағаз кесігі сияқты бөгде
заттарды салушы болмаңыз.
Əйтпесе, құрылғы істемей қалуы мүмкін.
Науаға дисктерден басқа заттарды қоймаңыз.
Жетек пайдаланылып жатқанда
Жетек пайдаланылып жатқанда науаны
ашпаңыз немесе түпқойманы жылжытпаңыз.
Əйтпесе, диск орнынан ығысып, зақымдануы
немесе жетек жұмыс істемей қалуы мүмкін.
Оған қоса, дискті пайдаланатын бағдарламаны
іске қосқаннан кейін, науаны ашпас немесе
дискті алмас бұрын бағдарламаны жабыңыз.
<Тек CD/DVD жетегі бар модель үшін>
Дискті күтіп пайдалану
Дискті пайдаланбас бұрын, пайдалану/ұстау
нұсқаулары мен дисктің орамасын мұқият
оқып шығыңыз.
Дисктер тиісті түрде ұсталмаса, кірленуі немесе
сызылуы мүмкін. Сондай-ақ, жазу жылдамдығы
төмендеуі мүмкін жəне деректер дискке дұрыс
жазылмауы немесе дисктен дұрыс оқылмауы
мүмкін. Басқа зақымдар жетектің жұмыс
істемей қалуына себеп болуы мүмкін.
Төмендегі сақтық шараларын ескеріңіз.
Дисктің бетіне (баспасы жоқ жағы) тимеңіз.
Диск бетін таза ұстаңыз, онда кір, шаң,
саусақ іздері мен сызықтар болмауы керек.
Дисктің бетіне қаламмен немесе басқа жазу
құралымен жазбаңыз.
Дисктерге жапсырма жабыстырмаңыз.
Дисктерді жерге түсірмеңіз, майыстырмаңыз
немесе олардың үстіне ауыр заттарды
қоймаңыз.
Қызуы, ылғалдылығы жоғары, тікелей күн
түсетін немесе шаң бар жерлерге дисктерді
қоймаңыз немесе мұндай жерлерде оларды
сақтамаңыз.
Диск суық жерден жылы жерге əкелінсе,
дискте конденсация пайда болуы мүмкін.
Тек оқылатын дисктер үшін, дискті қолданбас
бұрын конденсацияны жұмсақ, құрғақ,
талшық қалдырмайтын шүберекпен сүртіп
алыңыз. Жазылатын, қайта жазылатын
дисктер үшін, конденсация кепкенше күтіңіз.
Дисктерді пайдаланбаған кезде,
оларды қорғауыш қораптарға немесе
картридждерге салып, сақтаңыз.
72
Дисктерді тазалау
<Тек оқылатын дисктер үшін>
Дисктерді ортасынан шетіне қарай құрғақ əрі
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Дисктер тым кірленіп кетсе, оларды
ортасынан шетіне қарай ылғал əрі жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз, одан кейін қалған
ылғалды кетіру үшін құрғақ шүберекпен сүртіп
алыңыз.
<Жазылатын/қайта жазылатын дисктер үшін>
Бұл дисктерді тазалау үшін жазылатын/қайта
жазылатын дисктерге арналған тазалағыш
затты қолданыңыз.
Ешбір жағдайда шүберекті, CD
тазалағыштарын немесе кез келген осындай
тазалағыштарды пайдаланушы болмаңыз.
Дискті ұстау жолы

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents