Сақтық Шаралары - Panasonic CF-VEBD11 Series Safety Precautions And Regulatory Information

Cradle
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Сақтық шаралары
Ақаулық немесе мəселе туындаса,
қолдануды дереу тоқтатыңыз
Ақаулық орын алса, АС ашасын дереу
суырып алып, құрылғыны бұл өнімнен
ажыратыңыз
Бұл өнім зақымдалған
Бұл өнім ішінде бөгде зат бар
Түтін шығады
Əдеттен тыс иіс шығады
Əдеттен тыс ыстық
Жоғарыдағы жағдайлардың кез келгені
болғанда өнімді пайдалануды жалғастыру
өртке немесе тоқ соғуға əкелуі мүмкін.
Ақаулық немесе мəселе орын алса, АС
ашасын дереу суырып алып, құрылғыны
бұл өнімнен ажыратыңыз. Одан кейін
жөндету үшін техникалық қолдау көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Найзағай болған кезде бұл өнімге жəне
кабельге тимеңіз
Тоқ соғуы мүмкін.
Бұл өнімнің үстіне сұйықтық құйылған
ыдыстарды немесе металдан жасалған
заттарды қоймаңыз
Су немесе басқа сұйықтық төгілсе немесе
өнім ішіне қағаз кесіктері, тиындар немесе
бөгде заттар кіріп кетсе, өрт шығуы немесе
тоқ соғуы мүмкін.
Бөгде зат өнімнің ішіне кіріп кетсе, АС
ашасын дереу суырып алып, құрылғыны бұл
өнімнен ажыратыңыз. Одан кейін техникалық
қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл өнімді тұрақсыз беттерге қоймаңыз
Тепетеңдік бұзылса, бұл өнім құлап не түсіп
кетіп, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Бұл өнімді су, ылғал, бу, шаң, майлы
булар, т.б. көп жерде сақтамаңыз
Əйтпесе, өрт немесе ток соғуы орын алуы
мүмкін.
Бұл өнімді температурасы жоғары ортада
ұзақ уақытқа қалдырмаңыз
От маңында немесе тікелей күн түсетін жер
сияқты температурасы өте жоғары жерлерде
өнімді қалдырсаңыз, оның корпусы майысуы
жəне/немесе ішкі бөліктерінде ақаулық пайда
болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ұзақ уақыт
бойы пайдалану қысқа тұйықталу немесе
оқшаулау ақауларына жəне т.б. əкеліп,
ол нəтижесінде өрт шығуына немесе тоқ
соғуына апаруы мүмкін.
Бұл өніммен тек оған арналған АС
адаптерін қолданыңыз
Бірге берілген адаптерден (құрылғымен бірге
берілетін немесе керек-жарақ ретінде бөлек
сатылатын) басқа АС адаптерін пайдалану
өрт шығуына əкелуі мүмкін.
LAN портына телефон сымын немесе оған
арналған кабельден басқа желі кабелін
жалғамаңыз
LAN порты төменде келтірілгендей желілерге
қосылса, өрт шығуы немесе тоқ соғуы мүмкін.
1000BASE-T, 100BASE-TX немесе 10BASE-T
желілерін басқа желілер
Телефон желілері (IP телефоны (Интернет
протоколы телефоны), телефон желілері, ішкі
телефон желілері (ғимарат ішіндегі айырып-
қосқыштар), сандық əлеуметтік телефондар, т.б.)
Құлаққап пайдаланған кезде дыбыс
деңгейін тым жоғары қоймаңыз
Құлақты ұзақ уақыт бойы шамадан тыс
еліртетін жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау
есту қабілетінің жоғалуына əкелуі мүмкін.
<Тек CD/DVD жетегі бар модель үшін>
CD/DVD жетегінің ішіне қарамаңыз
Ішкі лазер жарығына тікелей қарау көру
қабілетінің зақымдануына əкелуі мүмкін.
<Тек CD/DVD жетегі бар модель үшін>
Шатынаған немесе майысқан дисктерді
қолданбаңыз
Дисктер жоғары жылдамдықпен
айналатындықтан, зақымдалған дисктер
бөлшектеніп, жарақаттауы мүмкін.
Дөңгелек емес дисктер жəне желіммен
жөнделген дисктер де қауіпті, сондықтан
оларды пайдалануға болмайды.
Бұл өнімді үздіксіз ыстық ортада пайдалану
өнімнің қызмет мерзімін қысқартады. Осы
орта түрлерінде пайдаланбаңыз.
Ыстық немесе суық ортада пайдаланған
кезде кейбір қосымша құралдар дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Қосымша құралдар
жұмыс істейтін ортаны тексеріңіз.
<Тек CD/DVD жетегі бар модель үшін>
Жетекті күтіп пайдалану
Май түтіні немесе темекі түтіні сияқты
қалдық қалдыратын түтін бар жерге жетекті
қоймаңыз. Əйтпесе, жетек линзасының
қызмет мерзімі қысқарады.
Жетек линзасын камера линзалары үшін
қолданылатын ауа бүріккішінің көмегімен
тазалаған жөн.
(Линзаларды тазалауға арналған спрей
түріндегі өнімдерді пайдаланбаңыз.)
Науаны ашқан/жапқан кезде
Компьютер қосулы кезде, шығару түймесін
қолданыңыз немесе Windows арқылы
шығарыңыз.
Дискті салған немесе алған кезде, линзаға
немесе линза датчигінің басқа бөліктеріне
тиіп кетпеңіз.
71

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents