Bosch EasyImpact 1200 Original Instructions Manual page 271

Hide thumbs Also See for EasyImpact 1200:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 19
OBJ_BUCH-2944-001.book Page 271 Tuesday, August 30, 2016 10:06 AM
 Электр құралдарына арналған аккумуляторларды ғана
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы
мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан
сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу
күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан сұйықтық ағуы
мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, сол жерді сумен
шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі
мүмкін.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Дрельдердің және шуруп бұрауыштардың
қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаулары
 Перфоратормен жұмыс істеуде құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл
әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.
 Электр құралмен бірге жіберілген қосымша тұтқаларды ұстаңыз.
Бақылауды жоғалту зақымдарға алып келуі мүмкін.
 Жұмыс істеген кезде құралды изоляцияланған тұтқаларынан
ұстаңыз, өйткені кесетін құрал немесе винт жасырын сымдарға
тиіп кетуі мүмкін. Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал
бөлшектеріне тоқ беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған қорек
сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек үйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып
келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін.
Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Қазақша | 271
1 609 92A 32H | (30.8.16)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents