Bosch GSR 18V-85 C Original Instructions Manual page 162

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
162 | Қазақ
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
(8) "Соққымен бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Ажыратқыш
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (17)
басып тұрыңыз.
Жарық диоды (13) қосу/өшіру қосқышы (17) сәл немесе
толық басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс
аймақтарын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (17)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (17) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (17) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Айналу моментін алдын ала таңдау (бұрау жұмыс
режимі үшін жарамды)
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш
сақинаның (7) көмегімен қажетті айналу моментін 25
қадам бойынша алдын ала таңдауға болады. Реттелген
айналу моментіне жеткенде электр құралы тоқтап қалады.
Берілістің механикалық таңдалуы
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (9) электр
u
құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
1-беріліс:
Төмен айналу жиілігінің диапазоны; үлкен бұрғы
диаметрімен жұмыс істеу немесе бұрап бекіту үшін.
2-беріліс:
Жоғары айналу жиілігінің диапазоны; кіші бұрғы
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Беріліс ауыстырып-қосқышын әрдайым
u
тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдауыңыз мүмкін.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс
Мақсаты бойынша қолдану кезінде электр құралына
артық жүктеме түспейді. Жүктеме шамадан артық
болғанда немесе рұқсат етілген жұмыс
температурасының диапазонынан асырғанда айналу
жиілігі азаяды. Электр құралы аккумулятор рұқсат етілген
жұмыс температурасына жеткеннен кейін қайтадан толық
айналу жиілігімен жұмыс істейді.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс
электр құралында жарық диодының (14) қызыл түспен
жануы арқылы көрсетіледі. Рұқсат етілген температура
диапазонына қайтадан қол жеткізу үшін беріліс
ауыстырып-қосқышын (9) 1-беріліске ауыстырып, электр
құралын бос жүріс күйінде пайдаланыңыз немесе жарық
диоды (14) сөнгенше күтіңіз. Жарық диоды (14) сөніп
қалса, бұл құрылғының ұйғарынды жұмыс
температурасының диапазонына жеткенін білдіреді.
1 609 92A 4T1 | (06.02.2020)
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Жылдам өшіру (Kickback Control)
Жылдам өшіру (KickBack Control) электр
құралын жақсырақ бақылауға
көмектеседі және осылайша KickBack
Control құралынсыз электр
құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы
қорғанысын да күшейтеді. Кездейсоқ және
күтілмеген ретте электр құралы бұрғы айналасында
айналса электр құралы өшеді.
Жылдам өшіру электр құралында жарық диод
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты жіберіп, қайта
басыңыз.
Егер Kickback Control функциясы ақаулы болса,
u
электр құралы бұдан былай қосылмайды. Электр
құралыңызды тек қана білікті маманға және
түпнұсқа қосалқы бөлшектермен жөндетіңіз.
Байланыс функциялары
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге
электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс
функциялары қолжетімді болады:
– Тіркеу және дербестеу
– Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
– Жалпы мәліметтер
– Басқару
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралына Bluetooth
u
GCY 42 модулі кіріктірілген болса, ол радио
интерфейспен жабдықталған болады. Жергілікті
пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда
немесе емханаларда ескеріңіз.
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
u
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Бұрауыш биттерді немесе әмбебап бит ұстағышын алып
тастау үшін көмекші құралды пайдалануға болады.
Қайыс ұстағышы
Қайыс ұстағышымен (10) мысалы, электр құралын
қайысқа асуға болады. Сонда, екі қолыңыз бос болып,
электр құралы жұмыс істеуге дайын болады.
®
Low Energy Module
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents