Bosch Professional GSC 2 Original Instructions Manual page 93

Hide thumbs Also See for Professional GSC 2:
Table of Contents

Advertisement

Астыңғы пышақты алмастыру (B суретін қараңыз)
Астыңғы пышақтың реттегіш бұрандасын (12) бұрап
шығарыңыз. Астыңғы пышақтың бекіткіш бұрандасын
(13) толықтай бұрап шығарыңыз да, астыңғы пышақты
(10) алып тастаңыз.
Жаңа астыңғы пышақты (10) кесуге арналған үстелдің
(11) ойығына салыңыз. Астыңғы пышақты бекіткіш
бұрандамен (13) бекітіңіз.
a пышақ аралығын жоғарыда сипатталғандай тексеріп
шығыңыз.
Жоғарғы пышақты алмастыру (B суретін қараңыз)
Жоғарғы пышақты (8) екі жағынан да пайдалануға
болады.
Жоғарғы пышақтың бекіткіш бұрандасын (9) толықтай
бұрап шығарыңыз да, жоғарғы пышақты (8) алып
тастаңыз.
Жоғарғы пышақты (8) B суретінде көрсетілгендей
бұраңыз немесе жаңа жоғарғы пышақты итергішке (7)
орнатыңыз. Жоғарғы пышақты бекіткіш бұрандамен (9)
бекітіңіз.
b пышақ аралығын жоғарыда сипатталғандай тексеріп
шығыңыз.
Пышақтарды өткірлеу (C суретін қараңыз)
Тозған пышақтарды дер кезінде алмастырыңыз немесе
өткірлеңіз, себебі тек өткір құралдар ғана жақсы кесу
өнімділігіне қол жеткізіп, электр құралын сақтайды.
Пышақтарды өткірлегенде кесу бұрышының
сақталғанына көз жеткізіңіз.
Кесу бұрышын реттеу үлгісімен (14) тексеріп шығыңыз.
Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер
Пышақтар жинағы
Реттеу үлгісі
Алты қырлы дөңбек кілт (кілт ені
5 мм)
Алты қырлы дөңбек кілт (кілт ені
2,5 мм)
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
Bosch Power Tools
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде
өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі
төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін
жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу
белгілерінің жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату
туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
бар болуы;
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік
2 607 010 025
талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
2 607 970 001
– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
1 907 950 006
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
1 907 950 003
сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының
қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б.
сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін
қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі
туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате
қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін
бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
бөліктері;
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған
ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз
белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда
болуы немесе электр құралы бөліктері мен
түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы,
жоғары температура әсерінен электр
қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы
немесе көмірленуі.)
Қазақ | 93
1 609 92A 50E | (26.06.2019)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gsc 8Professional gsc 2,8

Table of Contents