LG -V490 Quick Start Manual page 37

Hide thumbs Also See for LG-V490:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 46
АБАЙЛАҢЫЗ
Тек осы құрылғы үлгісі үшін мақұлданған
батареяларды, зарядтағышты және қосымша
құралдарды пайдаланыңыз. Басқа түрлерін
пайдалану құрылғы мақұлдауын немесе кепілдігін
жарамсыз етуі және қауіпті болуы мүмкін.
• Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу
жұмысы қажет болғанда, құрылғыны білікті техникалық
маманға апарыңыз.
• Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының
ұйғаруымен бөлшектерді немесе панельдерді
жаңасымен не жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары
кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын
бөлшекпен бірдей болу керек.
• Теледидар, радио және компьютер сияқты электр
жабдықтарынан алшақ жерде ұстаңыз.
• Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу
көздерінен аулақ жерде сақтау керек.
• Түсіріп алмаңыз.
• Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
• Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде
құрылғыны сөндіріңіз. Мысалы, құрылғыны
емханаларда пайдаланбаңыз, өйткені ол медициналық
жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
• Зарядталып жатқанда, құрылғыны ылғалды қолмен
ұстауға болмайды. Бұл ток соғуына себеп болып,
құрылғыны қатты зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыны тез өртенетін заттар жанында
зарядтамаңыз, өйткені құрылғы қызып, өрт шығу қаупін
төндіруі мүмкін.
• Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз
(бензол, еріткіш немесе спирт қолданбаңыз).
• Құрылғыны жұмсақ жиһаздардың үстінде
зарядтамаңыз.
7

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents