Samsung Level on pro EO-PN920 User Manual page 543

Hide thumbs Also See for Level on pro EO-PN920:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жұмысты бастау
Батареяны зарядтау
Бұл құлақаспапта бекітілген батарея бар. Құлақаспапты бірінші рет пайдалану алдында
немесе батарея ұзақ кезеңдер бойы пайдаланылмаған кезде батареяны зарядтау керек.
Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды және кабельдерді пайдаланыңыз.
Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе
құлақаспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Егер батарея заряды толығымен таусылса, зарядтағышты жалғағаннан кейін
құлақаспапты бірден қосуға болмайды. Құлақаспапты қосудан бұрын таусылған
батареяның бірнеше минут зарядталуына мүмкіндік беріңіз.
Құлақаспапты компьютерге немесе USB қуат адаптеріне USB кабелі арқылы жалғаңыз. USB
қуат адаптерін электр розеткасына қосу.
• Құлақаспап зарядталып жатқан кезде хабарлау шамы қызыл болып жанады. Зарядтау
аяқталған кезде хабарлау шамы жасыл болып жанады.
Зарядтағышты дұрыс жалғамау құлақаспапты қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс
пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.
• Құлақаспапты зарядтағышты (бөлек сатылады) пайдаланып зарядтауға болады.
• Құлақаспапты зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны толық
зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
• Зарядтау кезінде, құлақаспап қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және
құлақаспаптың қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер батарея
әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
• Құлақаспап дұрыс зарядталмай жатса, құлақаспап пен зарядтағышты Samsung
сервис орталығына апарыңыз.
Қазақ тілі
4
4

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents