Philips BT5275 User Manual page 57

Hide thumbs Also See for BT5275:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
-
Қолданылатын ортада температура, қысым немесе ылғалдылық
қатты өзгерсе, құралды пайдаланбас бұрын оның қоршаған орта
жағдайларына бейімделуіне 30 минут беріңіз.
-
Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
түпнұсқасымен ауыстыру керек.
-
Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
-
Шу деңгейі: Lc= 65 дБ(A).
Стандарттарға сәйкестігі
-
Құрал халықаралық IEC бекіткен қауіпсіздік заңына сәйкес келеді
және оны ағын сумен жуа беруге болады.
-
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Пайдалануға дайындау
зарядтау
Құралды алғаш рет немесе ұзақ уақыттан кейін қолданар алдында толық
зарядтау керек.
Егер құралдың заряды мүлде болмаса, зарядтау шамамен 60 минут
созылады.
1
Құрылғының өшірілгенін тексеріңіз.
2
Құралдың кішкене шанышқысын зарядтаушыға енгізіп, адаптерді
қабырғадағы розеткаға енгізіңіз.
, Батарея жарығы кезекпен қызғылт сары және ақ түспен
жыпылықтайды.
, Шамамен 3 минуттан соң, батарея жарығы тек ақ түспен
жыпылықтайды. Бұл кезде батареяда бір сымсыз шаш кесу
сеансына жететін қуат болады.
ҚазаҚша
57

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Bt5270Bt5260

Table of Contents