Маңызды Ескерту - LG -D325 User Manual

Hide thumbs Also See for LG-D325:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 313
Маңызды ескерту
Телефонды пайдалануды бастамастан бұрын
осыны оқыңыз!
Телефонды жөндеуге апармай және қызмет өкіліне хабарласпай тұрып, ақаулықтың
осы бөлімде сипатталмағанына көз жеткізіңіз.
1. Телефон жады
Телефон жадындағы бос орын көлемі 10 %-дан аз болса, телефонға жаңа хабарлар
келмейді. Қосымша жад босату үшін, телефон жадын тексеріп, қолданбалар немесе
хабарлар сияқты кейбір деректерді жою қажет.
Қолданбаларды жою үшін:
>
> Қосымшалар қойындысын > Баптаулар > Баптаулар қойындысын
1
> Қосымшалар опциясын таңдаңыз.
Барлық қолданбалар көрсетілгенде, жойылатын қолданбаға өтіп, оны таңдаңыз.
2
Жою опциясын түртіңіз.
3
2. Батареяның қызмет мерзімін оңтайландыру
Фонда үнемі қосылып тұруға тиісті емес мүмкіндіктерді өшіріп, батареяның жұмыс
мерзімін ұзартыңыз. Қолданбалар мен жүйелік ресурстардың батарея қуатын
пайдалану тәсілін реттеуге болады.
Телефон батареясының жұмыс мерзімін ұзарту:
Пайдаланбаған кезде радио байланыстарын өшіріңіз. Егер Wi-Fi, Bluetooth немесе
GPS функциясын қолданбасаңыз, оларды өшіріңіз.
Экранның жарықтығын азайтып, экранның сөнетін мерзімін қысқартыңыз.
Gmail, Күнтізбе, Контактілер және басқа қолданбалардың автоматты синхрондау
мүмкіндігін ажыратыңыз.
Жүктеп алынған кейбір қолданбалар батареяның қуатын азайтуы мүмкін.
Жүктелген қолданбаларды пайдаланғанда, батареяның зарядталу деңгейін
тексеріңіз.
13

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents