OBJ_BUCH-1702-003.book Page 148 Monday, September 29, 2014 2:58 PM
148 | Қaзақша
Қоқыс қабын немесе шаң қабын
салу/шешу (Құрғақ сору)
(E1–E2 суреттерін қараңыз)
Құрғақ шаңсору үшін тазалау қоқыс қабын 23 немесе шаң
қабын (керек-жарақтар) орнату керек. Осылайша шаңды
тастау жеңілдейді.
Ескертпе: Сүзгіні жартылай автоматты тазалауды (SFC+)
қағаз сүзгі қабын пайдаланғанда өшіру міндетті, ал
флизелиндік сүзгі қабын пайдаланғанда оны өшіру керек
(„SFC+ өшіру", 149-бетті қараңыз).
Тасталатын қапты орнату
– Құлыптарды 9 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8
ашыңыз.
– Қоқыс қабын 23 толтыру тесігімен алға контейнерге 1
салыңыз.
– Толтыру тесігін қосу фланецінен қуысына шейін
тартыңыз.
– Қоқыс қабы 23 толығымен контейнер 1 ішкі
қабырғаларына тиюіне көз жеткізіңіз.
– Қоқыс қабының 23 қалғанын контейнер 1 шетінен
қағыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8 орнатып құлыптарды
9 жабыңыз.
Қоқыс қабын шешіп жабу
– Құлыптарды 9 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8
ашыңыз.
– Толық қоқыс қабын 23 ернемектік біріктіргішінен
шығарыңыз.
– Қоқыс қабын 23 абайлап оны зақымдамай
шаңсорғыштан шығарыңыз.
Қоқыс қабы қосу фланеціне немесе басқа өткір заттарға
тимеуіне көз жеткізіңіз.
– Желімдеу таспасының қаптамасын шешіп қоқыс қабын
желімдеңіз.
Сосын қоқыс қабын 23 толтыру тесігінің астынан
шешілген желімдеу таспасының қаптамасымен
байлаңыз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (керек-жарақтар)
– Құлыптарды 9 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8
ашыңыз.
– Толық шаң қабын ернемектік біріктіргішінен
шығарыңыз. Шаң қабының тесігін қақпағымен
жабыңыз. Жабық шаң қабын шаңсорғыштан алып
қойыңыз.
– Жаңа шаң қабын шаңсорғыш ернемектік біріктіргішіне
кигізіңіз. Шаң қабының контейнер 1 ішінде толықтай
жатуына көз жеткізіңіз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8 орнатып құлыптарды
9 жабыңыз.
Резеңке жиегін орнату (Ылғал шаңсору)
(F суретін қараңыз)
Ескертпе: Өткізу деңгейі талаптары (L шаң сыныпы) тек
құрғақ сору үшін негізделген.
– Қылшақты жолды 27 сәйкес аспаппен едендік
қондырмадан 28 шешіңіз.
– Резеңке жиегін 26 едендік қондырмаға 28 салыңыз.
1 609 92A 0XC | (29.9.14)
Ескертпе: Резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа
көрсетуі керек.
L-Boxx шертіңіз (G суретін қараңыз)
Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш
жабдықтарын және/немесе электр құралын жай
тиімдейтін ретте сақтау үшін шаңсорғыш жоғарғы
бөлігінде L-Boxx шертіңіз.
– L-Boxx патрондарға 7 басыңыз.
Шаңсорғышты басылған L-Boxx тұтқасынан
көтермеңіз. Шаңсорғыш ол тұтқа үшін өте ауыр.
Жарақаттану мен зақымдану қауіпі бар.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдарымен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды шаңсору үшін
пайдалануға болады:
3
– Шектік мәні > 1 мг/м
болған шаңдар
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін шаңсорғышты тек
пайдаланарда қосыңыз.
Оптималды сору қуатын қамтамасыз ету үшін сору шлангін
21 шаңсорғыш жоғарғы бөлігінен 8 толық алыңыз.
Құрғақ сору
Жиылған шаңдарды сорыңыз
– Шаңсорғышты қосу үшін, пайдалану
түрлерінің реттеуішін 5 „Cору" белгісіне
жылжытыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, пайдалану
түрлерінің реттеуішін 5 „Өшіру" белгісіне
жылжытыңыз.
Істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңдарды
сору (H суретін қараңыз)
Ауа бөлмеге шықса бөлмеде жетерлік ауа алмасу
көрсеткіші (L) болуы керек. Тиісті заңдарға назар
аударыңыз.
Шаңсорғышта жерге қосылған розетка 3 орнатылған. Ол
жерде сыртқы электр құралын қосу мүмкін. Қосылған
электр құралының максималды рұқсат етілген қосылатын
қуатына назар аударыңыз.
– Аспаптық жалғастырғышты 19 орнату („Аспаптық
жалғастырғышты орнату" 147 бетін қараңыз).
– Аспаптық жалғастырғышты 19 электр құралының келте
құбырына салыңыз.
Bosch Power Tools