Lenovo YOGA TABLET 10 HD+ Safety, Warranty & Quick Start Manual page 29

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Планшетті пайдаланбай тұрып оқып шығыңыз
Төмендегі бөлімдерде Lenovo планшеттері үшін маңызды қауіпсіздік туралы
жəне нормативтік ақпарат, əрі планшетіңіз үшін жасалған жарияланымдардың
электрондық нұсқаларына қатынасу əдісі туралы нұсқаулар берілген.
Алдымен оқып шығыңыз — нормативтік ақпарат
Сымсыз байланыспен жабдықталған планшет үлгілері сымсыз пайдалануға
бекітілген кез келген елдің немесе аймақтың радио жиілік жəне қауіпсіздік
стандарттарына сай келеді. Бұған қоса, өнімде телекоммуникациялық модем бар
болса, ол сіздің елдегі телефон желісіне қосу талаптарына сай.
Құрылғыда бар сымсыз құрылғыларды пайдаланбай тұрып сіздің елге немесе
аймаққа арналған «Нормативтік ескертуді» оқып шығыңыз. Нормативтік ескертудің
PDF нұсқасын алу үшін төмендегі «Жарияланымдарды жүктеу» бөлімін қараңыз.
Жарияланымдарды жүктеу
Жарияланымдардың электрондық нұсқалары келесі тораптан қолжетімді
http://support.lenovo.com. Құрылғыңызға арналған жарияланымдарды жүктеу үшін:
http://support.lenovo.com торабына өтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығына қатынасу
Пайдаланушы нұсқаулығы құрылғы туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтиды.
Пайдаланушы нұсқаулығына қатынасу үшін келесі əдістердің біреуін
пайдаланыңыз:
http://support.lenovo.com торабына өтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жабдықты іске қосып, Пайдаланушы нұсқаулығы бағдарламасын ашыңыз.
Қызмет жəне қолдау ақпараты
Төменде, кепілдік мерзімінде немесе өніміңіздің қызмет атқаруының барлық
мерзімінде сіздің өніміңіз үшін техникалық қолдау көрсету туралы деректер
берілген. Lenovo кепілдік терминіне толық анықтама алу үшін Lenovo Limited
Warranty байланысыңыз. Толық кепілдікке қатынасу туралы мəліметтерді осы
құжатта кейінірек орналасқан «Lenovo шектеулі кепілдігі туралы ескертуінен»
қараңыз.
Интерактивті техникалық қолдау көрсету
Өнімінң бүкіл қызмет көрсету мерзімінде онлайн техникалық қолдау мына
мекенжайда қол жетімді: http://www.lenovo.com/support.
Телефонмен техникалық қолдау көрсету
Телефон арқылы тұтынушыға қолдау көрсету орталығынан анықтама жəне
ақпарат ала аласыз. Lenovo техникалық қолдау көрсету өкіліне хабарласудан
бұрын, келесі ақпаратты білуіңіз керек. үлгісі мен сериялық нөмірі, қате туралы
келген хабарламаның түсінігі мен қиындықтың сипаттамасын.
Қоңырау шалып сөйлесу кезінде құрылғыңызда техникалық қызмет көрсету
қызметінің өкілі сіздің қиындықтарыңызды тексеруі мүмкін.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents