Мазмұн Кітапханасын Қолдану - Samsung ps50b650 User Manual

Hide thumbs Also See for ps50b650:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Мазмұн кітапханасын қолдану
Gallery
Бұл функция слайд көрмесін жоғары ажыратымдықтағы кескіндер мен өңдік әуен арқылы ойнатады және әртүрлі әсер
тудырады. Теледидардың галерея функциясын қолдану арқылы үйдегі ахуалды өзгертуге болады.
INFO түймешігін басып, суретке қатысты оң сипаттамалар мен егжей-тегжейлі ақпараттарды ағылшын тілінде
N
көріңіз (әзірше, оң сипаттамалар тек ағылшын тілінде ғана).
Слайд көрмесін ойнату барысында .ENTER E түймешігін басып кідіртуіңізге болады.
N
Gallery мазмұны мен оларға қатысты барлық шығарылымдардың авторлық құқығы Timespace / JoongAng M&B, Inc.
N
компаниясында сақталады.
Cooking
Кейін рет-ретімен пайдалануға болатын әртүрлі рецептілерді қарауыңызға болады. Тамақ пісірудің керемет жолдарын
көрсететін осы мазмұнды игілігіңізге пайдаланыңыз.
Samsung теледидарының Cooking мазмұнында берілген рецепттер Anness Publishing жариялаған рецепттерге
N
негізделген.
Cooking мазмұнының және оларға қатысты барлық шығарылымдардың авторлық құқықтары Practical Pictures
N
компаниясында сақталады.
Children
Бұл балалардың қайталап көруіне болатын танымдық әрі интерактивті мазмұн болып табылады. Бува мен Квала
кейіпкерлерімен бірге бар әңгімелер, әндер мен ойындарды қызықтаңыз.
Children мазмұнының және оған қатысты барлық шығарылымдардың авторлық құқықтары UpToTen компаниясында
N
сақталады.
Wellness
Денсаулық сақтау туралы осы пайдалы мазмұнда бүкіл отбасы мүшелері қолдана алатын дене жаттығулары мен сылау
әдістері берілген.
Мазмұнды басқару
My contents
Бұл мазмұндар теледидардың жадына сақталған мазмұндардағыдай қолданылады. Сондай-ақ, мазмұнның әрқайсысын
ойнатуға және жоюға болады.
USB
Мазмұнды USB құрылғысына түсіруіңізге және теледидарда ойнатуыңызға болады. Сыртқы USB құралындағы
мазмұндар тікелей ойналады.
Content Library тек USB Mass Storage Class (MSC) құрылғыларына ғана қолдау көрсетеді. MSC – ағытпалы
N
деректер жинақтауыш
құрылғысы.MSC құрылғылары деп Thumb дискілері, флэш карта оқу құралдары мен USB
HDD құрылғыларын (USB HUB құрылғыларына қолдау көрсетілмейді) айтамыз.
Ойынды сыртқы USB жады құрылғысының көмегімен ойнасаңыз, ойынды сақтауға мүмкіндік аласыз (ойынға
N
байланысты). Деректерді USB жады құрылғысына сақтау кезінде USB құрылғысын суырғанда деректер жойылуы
мүмкін болғандықтан, абай болыңыз.
New Contents.
N
Кіріктірілген мазмұндардан басқа жаңа мазмұн Samsung.com веб-торабында тегін беріледі..
Ақылы мазмұндарды қотарып алу үшін, UDN нөмірі қажет етіледі. .
Жаңа мазмұн элементін қотармас бұрын UDN нөмірін тексеріңіз.
1.. www.samsung.com веб-торабына барыңыз.
.. Contents.Download бетінен қажетті мазмұн элементін таңдаңыз.
3. Мазмұнды USB жады құрылғысына қотарыңыз.
4. Content Library негізгі мәзіріне CONTENT түймешігін басып немесе Content Library..
(Menu → Application → Content Library) таңдау арқылы барыңыз
5. USB жады құрылғысын теледидардың бүйіріндегі USB ұяшығына жалғаңыз.
6. Өзіңіз қотарып алған мазмұнның ішкі элементін көре аласыз.
. Мазмұн элементін таңдаңыз да, enter түймешігін басыңыз.
8. Таңдалған мазмұн элементін ойнатуыңызға болады.
Setup
Бейнебет қорғауышының жұмыс істейтін уақыты → 10 мин / 0 мин / 40 мин / 1 сағат.
Бейнебет қорғауышы пайда болғанға дейінгі уақытты орнату үшін таңдаңыз.
UDN сақтау (Unique Device Number).
Бейнебеттегі 18-орынды саннан тұратын нөмір - өнімнің нөмірі..
UDN нөмірін USB құрылғысына сақтап қоюыңызға болады.
NTFS пішіміндегі USB құрылғысына UDN нөмірін сақтай алмайсыз. Аталмыш нөмірді FAT пішіміндегі USB
N
құрылғысына сақтауды ұсынамыз.
Қазақша - 56

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents