Bosch Professional GST 160 CE Original Instructions Manual page 138

Hide thumbs Also See for Professional GST 160 CE:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
138 | Қазақ
Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полотноларын
пайдаланыңыз.
Ара дискісін орнату (A суретін қараңыз)
Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын
u
тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін
емес.
Ара дискісін (11) тістерін кесік бағытына қаратып ара
дискісінің бекіткішіне (15) тірелгенше жылжытыңыз.
Ара полотносын салуда ара полотносының арқасы
бағыттауыш дөңгелектің (10) ойығында жатуына көз
жеткізіңіз.
Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз.
u
Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Ара полотносын лақтыру (B суретін қараңыз)
Ара полотносын лақтыруда электр құралын ешбір
u
адам немесе хайуан лақтырылған ара полотносы
арқылы зақымдалмайтын ретте ұстаңыз.
SDS тұтқышын (9) тиюден қорғау (13) бағытында алға
бұраңыз. Ара полотносы босатылып шығады.
Жылжыма (C суретін қараңыз)
Тіреу тақтасының (6) пластик сырғу плитасы (5) сезімтал
беттердің қырылуын азайтады. Металды өңдеу кезінде
болат жылжыманы (16) пайдаланыңыз.
Болат жылжыманы (16) орнату үшін оны алдыңғы жақтан
тіреу тақтасына (6) жылжытыңыз.
Пластик сырғу плитасын (5) тозған жағдайда алмастыру
керек.
Жарылудан сақтайтын пластина (D суретін
қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина (17) (керек-жарақтар)
ағаш аралауда беттің жарылып кетуінен сақтауы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластинаны тек арнайы аралау
дискі түрлерінде және 0° кесік бұрышында пайдалану
тиіс. Тіреу тақтасын (6) жарылудан сақтайтын
пластинамен аралауда қырға жақын аралауда артқа
жылжыту мүмкін емес.
Жарылудан сақтайтын пластинаны (17) алдыңғы жақтан
тіреу тақтасына (6) кіргізіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
1 609 92A 860 | (04.08.2022)
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (E суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (18) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (18) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (13)
кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
Қаптаманы (18) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік
кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға
қарай жанасудан қорғаныстан (13) тартып алыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (F–G суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (19) тіреу тақтасының (6)
ойығына орнатыңыз.
Аспирациялық келте құбырдағы ойықтар F суретінде
көрсетілгендей тіреу тақтасының (6) тиісті саңылауына
тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыш шлангын (20) (керек-жарақ) жоңқаларды
аспирациялық келте құбырға (19) қосыңыз. Сорғыш
шлангын (20) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (17) орнатыңыз.
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0 деңгейі
тербеліс жоқ
I деңгей
кіші тербеліс
II деңгей
орташа тербеліс
III деңгей
үлкен тербеліс
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gst 160 bce

Table of Contents