Samsung UE40M5000A User Manual page 118

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 33
Параметрлер 5 минут өткеннен кейін немесе ТД сөндірілгеннен кейін сақталмай қалады.
• Егер ТД Көрсету режимінде тұрса, аудио немесе сурет параметрлерін 5 минут сайын бастапқы қалпына
қойып отырады. Параметрлерді Көрсету режимінен Үйде пайд. режиміне өзгерткіңіз келсе, SOURCE
түймесін басып, ТД режимін таңдаңыз және MENU - Қолдау - Пайдалану режимі тармағына өтіңіз.
Аудио немесе видео мезгіл-мезгіл жоқ болып кетеді.
• Сым қосылымдарын тексеріңіз де, қайта жалғаңыз.
• Аудио немесе видеоның жоқ болып кетуіне, тым қатты не жуан сымдарды қолдану себеп болуы мүмкін.
Сымдардың иілгіш, ұзақ пайдалануға жарамды екенін тексеріңіз. ТД-ды қабырғаға орнатқыңыз келсе, 90
градустық жалғастырғыштары бар сымдарды қолдануды ұсынамыз.
ТД жақтауының жиегіне өте жақыннан қарағанда өте кішкене бөлшектерді көресіз.
• Бұл өнімнің ақаулығы емес, сыртқы жасақтамасының бір бөлігі.
PIP мәзірі жұмыс істемейді.
• PIP функциясы тек HDMI немесе құралас элемент көздерін қолданғанда ғана жұмыс істейді.
45 минут бұрын сөндірілген ТД қайта қосылды.
• Бұл қалыпты жағдай. ТД ӘА (әуе арқылы) функциясын, ТД қарап отырған кезде қотарылған
бағдарламалық жасақтаманы жаңарту үшін қосады.
Сурет/үнділік мәселелері жиі-жиі туындайды.
• Сигнал/сигнал көзін тексеріңіз де, өзгертіңіз.
Тұрғы тағанындағы резеңке жастықшалар мен кейбір жиһаздардың сыртқы қаптамасы арасында реакция
пайда болуы мүмкін.
• Бұның алдын алу үшін, ТД-дың жиһазға тура жанасатын кез келген жеріне киіз жастықша қолданыңыз.
"Бұл файл дұрыс ойнатылмауы мүмкін." хабары көрсетіледі.
• Бұл хабар мазмұн таратылымының жылдамдығының жоғары болуына байланысты көрсетілуі мүмкін.
Мазмұн ойнатылады, бірақ ойнату барысында мәселе туындауы мүмкін.
ТД жұмысын ең оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық жасақтаманың ең соңғы нұсқасын (www.samsumg.
com → Қолдау) USB құралымен жаңартуға болады.
Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі кіші пикселдер технологиясы қолданылады. Дегенмен,
бейнебетте аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы
жұмысына еш әсер етпейді.
Осы нұсқаулықта көрсетілген кей функциялар мен суреттер, үлгілердің кейбіруінде ғана кездеседі.
Қазақ - 22

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

5 seriesUe49m5000a

Table of Contents