Samsung UE40M5000A User Manual page 116

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 33
Сурет шықпайды, видео көрсетілмейді
Теледидар іске қосылмайды.
• АТ сымының қабырғадағы розеткаға және ТД-ға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
• Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Теледидардың POWER түймешігін басып көру арқылы, ақаулықтың қашықтан басқару пультіне
байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер теледидар қосылса, төмендегі "Қашықтан басқару пульті
жұмыс істемейді" тармағын қараңыз.
ТД автоматты түрде сөніп қалады.
• Ұйқы таймері параметрінің Өшіру қалпына Уақыт мәзірі арқылы қойылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер ДК ТД-ға жалғанып тұрса, ДК қуат параметрлерін тексеріңіз.
• АТ сымының қабырғадағы розеткаға және ТД-ға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
• Теледидар белгілі бір уақыт аралығында ешқандай сигнал қабылдамаған жағдайда, Сигн. ж. кезде қуат
ажыр. теледидарды өшіреді. Пайдаланушы төрт сағат ішінде еш әрекет істемеген жағдайда, Қуат. авто ө.
теледидарды өшіреді.
Ешбір сурет/видео жоқ.
• Сым қосылымдарын тексеріңіз (ТД мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын ағытып алыңыз да,
қайта жалғаңыз).
• Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Жерсерік ресивері, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео шығыс ұяшығын, ТД-дың
кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Мысалы, сыртқы құрылғының шығыс ұяшығы HDMI болса,
оны ТД-дың HDMI кіріс ұяшығына жалғау керек.
• Жалғанған құрылғылардың электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.
• Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі SOURCE түймесін басып, теледидар сигналының көзін
дұрыс таңдаңыз.
• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.
Ауа желісіне (ауа/кабель) қосылым (кабель: елге байланысты)
ТД арналардың барлығын көрсетпейді.
• Антенна кабелінің мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
• Бар арналарды арна тізіміне қосу үшін Орнату (Параметрлерді бастапқы орнату) параметрін қолданыңыз.
MENU - Жүйе - Орнату (бастапқы параметрлерді орнату) тармағына өтіп, барлық қолжетімді арналар
сақталғанша күтіңіз.
• Антеннаның дұрыс орынға қойылғанына көз жеткізіңіз.
Сурет бұрмаланған: үлкен текше, кішкене текше, нүктелер, пиксел қателері.
• Бейнежазба мазмұнын "сығымдау", әсіресе спорт және экшн бейнефильмдерін көрсеткен кезде суреттің
сапасын бұзуы мүмкін.
• Әлсіз сигнал суретті бұзады. Бұл ТД-ға қатысты мәселе емес.
Қазақ - 20

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

5 seriesUe49m5000a

Table of Contents