Download Print this page

Қайта Зарядталатын Батареяларды Алу - Philips S1121/41 Manual

Advertisement

Абайлаңыз
-
Батареяны зарядтау үшін құрылғымен берілген
алынбалы қуат құрылғысын (HQ8505) ғана
пайдаланыңыз.
-
Қуат құрылғысында трансформатор бар. Басқа
тығынмен ауыстыру үшін қуат құрылғысын
кеспеңіз, бұл қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
-
Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және
байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны
8 және одан жоғары жастағы балаларға және
дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем
немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға
пайдалануға болады. Балалар құрылғымен
ойнамауы керек. Тазалау мен пайдаланушыға
техникалық қызмет көрсету қызметтерін
бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
-
Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым
розеткадан ажыратыңыз.
-
Құрылғыны пайдаланудың алдында оны
әрқашан тексеріңіз. Құрылғы зақымданған
болса, оны пайдалануға болмайды. Жарақат
алынуы мүмкін. Зақымдалған бөлшекті әрдайым
түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
-
Қайта зарядталатын батареяны ауыстыру үшін
құрылғыны ашпаңыз.
Абайлаңыз
-
Тазалау жүйесін немесе зарядтау қондырмасын
суға ешқашан батырмаңыз және ағынды су
астында шаймаңыз (сурет 1).
-
Ұстараны суға батыруға болмайды. Бұл
құралды ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда
қолдануға болмайды.
-
Ұстараны 60°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға
болмайды.
-
Бұл құрылғыны тек пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілген арнайы мақсатта
қолданыңыз.
-
Тазалық мақсатында бұл құралды тек бір адам
ғана қолдануы тиіс.
-
Құралды тазалау үшін қысылған ауаны,
қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау
құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
-
Ұстарада тазалау жүйесі бар болса, әрқашан
түпнұсқалық Philips тазалау сұйықтығын
(тазалау жүйесінің түріне байланысты картридж
немесе бөтелке) пайдаланыңыз.
-
Су ағып кетпеуі үшін тазалау жүйесін әрдайым
тұрақты, тегіс және көлбеу жерге қойыңыз.
-
Егер тазалау жүйесінде тазалау картриджі
пайдаланылса, ұстараны тазалау немесе
толтыру үшін тазалау жүйесін пайдалану
алдында әрқашан картридж бөлімі жабық екенін
тексеріңіз.
-
Тазалау жүйесі қолдануға дайын болғанда
тазалау сұйықтығы ағып кетпеу үшін оны
қозғалтуға болмайды.
-
Сіз ұстараны шайып жатқанда оның астындағы
тесіктен су тамшылауы мүмкін. Бұл — қалыпты
жағдай және қауіпті емес, себебі бүкіл
электрондық бөлшектер ұстара ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
-
Қуат құрылғысына зақым келтірмеу үшін
электрлік ауа тазалау құралы бар қабырға
розеткалары жанында қуат құрылғысын
пайдаланбаңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге
қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
-
Бұл ұстараны шүмек астында қауіпсіз тазалауға
болады (сурет 2).
-
Қуат көзі 100-240 вольт ауқымындағы ток
кернеуіне арналған.
-
Қуат құрылғысы 100–240 вольтті 24 вольттен
төмен қауіпсіз вольтажға алмастырады.
-
Максималды шу деңгейі: Lc = 69 дБ(A)
Өңдеу
-
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық
қалдықпен бірге тастауға болмайтынын
білдіреді (2012/19/EU) (сурет 3).
-
Бұл белгі осы өнімде күнделікті үй
қоқыстарымен (сурет 4) бірге тастауға
болмайтын кірістірілген қайта зарядталатын
батарея бар екенін білдіреді (2006/66/EC).
Зарядталатын батареяны кәсіби түрде алу үшін,
өнімді ресми жинау орнына немесе Philips
қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
-
Электрондық және электр өнімдері мен қайта
зарядталатын батареяларды бөлек жинау
бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз.
Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына кері әсерін тигізбеуге
көмектеседі.
Қайта зарядталатын батареяларды
алу
Ұстараны тастау кезінде қайта зарядталатын
батареяны ғана алып тастаңыз. Батареяны алу
алдында ұстара қабырға розеткасынан
ажыратылғанын және батарея заряды
толығымен таусылғанын тексеріңіз.
Ұстараны ашу үшін құралдарды қолдану кезінде
және қайта зарядталатын батареяны қоқысқа
тастау кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын
орындаңыз.
1 Ұстараның артында немесе шаш жиналатын
орнында бұрандалардың бар екенін тексеріңіз.
Бар болса, алып тастаңыз.
2 Ұстараның сыртқы панельдерін бұрауыш
немесе басқа құрал көмегімен алып тастаңыз.
Қажет болғанда қайта зарядталатын
батареямен басып шығарылған тізбек тақтасы
көрінгенше қосымша бұрандаларды
және/немесе бөлшектерді алып тастаңыз.
3 Қайта зарядталатын батареяны алыңыз.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

S1000S1131/41