Philips HP6522/01 Manual page 71

Hide thumbs Also See for HP6522/01:
Table of Contents

Advertisement

ҚазаҚша
70
Кеңес Қажет болса, кәдімгі душ гелін немесе көбігін пайдалануға болады.
-
Құрғақ: эпиляцияны құрғақ теріге жасаған жағдайда, оны
ваннадан немесе душтан жаңа шыққан бетте жасаған оңай болады.
Эпиляцияны бастағанда, терінің толықтай құрғақ екенін тексеріңіз.
-
Жалпы ақпарат: теріңіздің таза және майсыз болуын
қамтамасыз етіңіз. Эпиляцияны бастамас бұрын теріге крем
жақпаңыз.
-
Жалпы ақпарат: эпиляцияны жатар алдында жасаған жөн, себебі
әдетте таң атқанша терінің тітіркенуі кетеді.
-
Жалпы ақпарат: эпиляцияны 3-4 мм ұзындықтағы түктерге
жасаған ыңғайлы әрі қолайлы. Түктер ұзындау болса, алдымен қырып
тастап, қайта өскен түктерді 1 немесе 2 аптадан кейін эпиляциямен
кетіруді ұсынамыз.
Эпиляция
Ескертпе Жаңадан бастап жүрсеңіз, эпиляцияны қос толқынды массаж
қосалқы құралымен жасап жағымсыз сезімді төмендетіңіз. Осы қосалқы
құрал тек аяқтың эпиляциясын жасауға арналған.
Ескертпе Қолтықтағы немесе бикини тұсындағы түктердің
эпиляциясын істеп тұрған эпиляция дискілерінің санын азайтатын
сезімтал аймақ қақпағымен жасаңыз.
1
Қос иректі массаж қосымшасын немесе сезімтал аймақ қақпағын
эпиляция басына салыңыз.
2
Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, Құрал «II» жылдамдығында істей бастайды, бұл эпиляция
жасаудың ең тиімді жылдамдығы болып келеді.
Ескертпе «I» жылдамдығын пайдалану керек болса, қосу/өшіру түймесін
екінші рет басыңыз. «I» жылдамдығы түгі аз, қол жетуі қиын және
сүйекті жерлерге (тізе мен тобық сияқты) ыңғайлы болып келеді.
3
Түктерді көтеру үшін, теріні бос қолыңызбен тартып тұрыңыз.
Қосу/өшіру түймесін эпилятор жүргізілетін жаққа қаратып,
эпилятор ұшын теріге 90° бұрышта орналастырыңыз.
-
Суретте көрсетілген жолмен бикини тұсына эпиляция жасаңыз.
-
Қолтық астына суретте көрсетілгендей эпиляция жасаңыз.
4
Құралды денеңіздің үстінен шашыңыздың өсуіне қарсы етіп, сәл
басыңқырып, жәймен жылжытыңыз.
5
Құралды өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін үшінші рет басыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hp6522

Table of Contents