Philips HP6522/01 Manual page 69

Hide thumbs Also See for HP6522/01:
Table of Contents

Advertisement

ҚазаҚша
68
-
Зақым мен жарақат алу жағдайларын болдырмау үшін,
қосылып тұрған құралды (қосалқы құралы орнатылған
немесе орнатылмаған) бастың шашынан, қастардан, кірпіктерден,
киімдерден, жіптерден, сымдардан, щеткалардан, т.б. заттардан аулақ
ұстаңыз.
-
Құралды немесе түлеген тері щеткасын тітіркенген, варикозы,
майда бөртіктері, безеуі, қалдары (түкті қалдар) бар теріге
немесе жараларға қолданар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Иммунитеті төмен немесе қант диабетімен, гемофилия ауыруымен
немесе иммунодефицитпен ауыратын адамдардың да алдымен
дәрігерлерімен кеңескені дұрыс.
-
Гигиенаны сақтау мақсатында, құрал және түлеген тері щеткасын
тек бір адам пайдалануы керек.
-
Эпиляторды алғаш қолданған кезде тері кішкене қызаруы немесе
тітіркенуі мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және тез арада жоқ
болады. Құралды көбірек қолданған сайын теріңіз эпиляцияға
үйрене бастайды, тері тітіркенуі азайып, қайта өскен түктер жұқа
және жұмсақ бола бастайды. Егер үш күн ішінде терінің тітіркенуі
басылмаса, дәрігерге көрінгеніңіз жөн.
-
Зақымдалған немесе бұзылған эпилятордың басын, қыру басын,
қосалқы құралдарды, тарақты немесе щетканы қолданбаңыз, олар
теріңізді зақымдауы мүмкін.
-
Құралды душқа түсетін судан ыстық (ең көбі 40 °C) сумен жумаңыз.
-
Құралды тек 10 °C және 30 °C аралығында зарядтаңыз,
пайдаланыңыз және сақтаңыз.
-
Құралды зарядтағанда, розетка жұмыс жасап тұрғанын тексеріңіз.
Жуынатын бөлмедегі жарықты сөндіргенде, қол жуатын
шұңғылшаның үстіндегі айналы шкафтарға орнатылған электр
розеткаларына немесе электр ұстарасына арналған розеткаға
электр қуаты берілмей қалуы мүмкін.
-
Ылғалды эпиляция жасағанда, ваннаға немесе душқа арналған
майларды пайдаланбаңыз, тері ауыр түрде тітіркенуі мүмкін.
Стандарттарға сәйкестігі
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша
дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал
пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Жалпы ақпарат
-
Бұл белгі құралдың ваннада немесе душта пайдалануға, сондай-ақ
ағынды сумен жууға жарамды екенін білдіреді.
-
Қауіпсіздік мақсаттарда бұл құрал тек сымсыз түрде істетіледі.
-
Құралдың автоматты кернеу таңдағышы бар, сондай-ақ құрал
кернеуі 100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға арналған.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hp6522

Table of Contents