Makita SP6000 Instruction Manual page 26

Plunge cut circular saw
Hide thumbs Also See for SP6000:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

8.
Құралды жиі пайдалану нәтижесінде
босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын елеусіз
қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте
ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Электрлік құралды пайдаланған кезде көзіңізді
9.
жарақаттап алмау үшін міндетті түрде қорғаныс
көзілдірігін тағыңыз. Қорғаныс көзілдіріктері
АҚШ-та ANSI Z87.1, Еуропада EN 166 немесе
Австралияда/Жаңа Зеландияда AS/NZS 1336
қауіпсіздік стандарттарымен сәйкес келуі керек.
Австралияда/Жаңа Зеландияда бетіңізді қорғау үшін
қорғаныс маскасын кию заң негізінде талап етіледі.
Құрал пайдаланушылары мен жұмыс аймағындағы
басқа да тұлғалардың тиісті қауіпсіздік қорғаныс
жабдықтарын пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс
берушінің жауапкершілігінде.
Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау
1.
Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз. Орындалатын
жұмысқа сәйкес келетін электрлік құралды
пайдаланыңыз. Дұрыс таңдалған электрлік құрал өзіне
жүктелген жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.
2.
Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-
қосқышы ақаулы кез келген электрлік құрал
қауіп көндіреді және оны жөндеу керек.
3.
Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-
жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе электрлік
құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас бұрын,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумулятор блогы бар болса, оны шығарып
алыңыз. Осындай алдын алу шаралары электрлік
құралдың кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
4.
Электрлік құралдарды балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз, сонымен қатар электрлік құралмен
жұмыс істей алмайтын және осы нұсқауларды
оқымаған тұлғаларға құралды пайдалануға рұқсат
етпеңіз. Арнайы оқытудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
5.
Электр құралдарына және керек-жарақтарға
техникалық қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің ауытқуы және оралуы, зақымдалған
бөлшектер және электрлік құралдың жұмысына
кері әсер ететін басқа жағдайлардың бар-жоғын
тексеріңіз. Зақымы болса, электрлік құралды
жөндеген соң бірақ пайдаланыңыз. Жазатайым
оқиғалардың көбі электрлік құралдарға дұрыс
техникалық қызмет көрсетілмеу себебінен болады.
6.
Кесу құралдары өткір және таза болуы керек.
Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын дұрыс
пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды және сол
себепті оларды басқару да оңайырақ етеді.
7.
Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
8.
Тұтқалардың және жұмыс орындалатын беттердің
құрғақ, таза және майлы болмауын қамтамасыз
етіңіз. Тұтқалар және қолмен ұстайтын беттер тайғақ
болса, күтпеген жағдай орын алғанда, құралды
пайдалану және оған ие болу мүмкін болмайды.
9.
Электрлік құралды пайдаланған кезде, ішіне тартылу
матадан жасалған қорғаныс қолғабын кимеңіз.
Матадан жасалған қорғаныс қолғаптары қозғалмалы
бөлшектерге ілініп қалса, жарақаттауы мүмкін.
Қызмет көрсету
1.
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа жөндеу
бойынша білікті аман тиісті қосалқы бөлшектерді
пайдаланып жүзеге асыруы қажет. Бұл электрлік
құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Дискілі ара қауіпсіздігі бойынша
ескертулер
Кесу процедуралары
1.
ҚАУІПТІ: Қолыңызды кесу аймағына
және ара жүзіне жақындатпаңыз. Екінші
қолыңызбен қосымша тұтқаны немесе мотор
корпусын ұстаңыз. Араны екі қолыңызбен
ұстап тұрсаңыз, оларды ара жүзі кесіп кетпейді.
2.
Өңделетін бөлшектің астыңғы жағына
жақындамаңыз. Сақтандырғыш өңделетін
бөлшектің астындағы жүзден қорғамайды.
3.
Кесу тереңдігін өңделетін бөлшектің
қалыңдығына сәйкес реттеңіз. Ара жүзі
өңделетін бөлшектің төменгі жағынан тістерінің
жартысындай ұзындықта ғана көрініп тұруы тиіс.
4.
Кесу кезінде өңделетін бөлшекті ешқашан
қолмен немесе аяқтарыңыздың арасында
ұстамаңыз. Өңделетін бөлшекті орнықты
платформаға бекітіңіз. Денеге әсерін азайту
және жүздің кептеліп қалуын не құралды игере
алмай қалуды болдырмау үшін өңделетін
бөлшекті дұрыс бекітіп тіреу маңызды.
► Сурет1
5.
Жұмыс істеп жатқанда кесу құралы жасырын
сымға немесе өз сымына тиіп кетуі мүмкін
болса, электр құралын оқшауланған қысқыш
беттерінен ұстаңыз. Кернеулі сымға тиіп кеткен
жағдайда электр құралының ашық металл
бөліктерінде кернеу пайда болады, нәтижесінде
операторды ток соғуы мүмкін.
6.
Ағашты бойлай кесу кезінде әрдайым
бағыттаушы тақтайшаны немесе жиектік
тік бағыттауышты пайдаланыңыз. Бұл кесу
дәлдігін арттырады және ара жүзінің кептеліп
қалу ықтималдығын азайтады.
7.
Әрдайым білік саңылауларының өлшемі мен
пішіні (алмаз немесе дөңгелек пішінді) сәйкес
жүздерді пайдаланыңыз. Араның бекіткіш
жабдықтарына сәйкес келмейтін жүздер құрал
ортасынан шығып, басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
26 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents