Желіге Қосылу - Samsung UE55F9000A User Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 25
Желіге қосылу
Smart ТД-ды желілік қауымдастыққа қосқан кезде Smart Hub тәрізді желідегі қызметтерге қосылуға, сондай-ақ
бағдарлама жаңартылымдарын алуға мүмкіндік туады.
Желілік байланыс - Сымсыз
ТД-ды интернетке стандартты роутерді немесе модемді пайдаланып қосыңыз.
Қабырғадағы LAN ұяшығы
LAN сымы (жинаққа кірмейді)
Сымсыз желіге қатысты сақтық шаралары
• Бұл Smart ТД IEEE 802.11a/b/g /n тілқатысу протоколдарына қолдау көрсетеді. Samsung компаниясы IEEE 802.11n
протоколын қолдануды ұсынады. Себебі желіден видео ойнатқан кезде, видео бірқалыпты көрсетілмеуі мүмкін.
• Сымсыз желіні пайдалану үшін ТД сымсыз роутерге немесе модемге қосылып тұруға тиіс. Егер сымсыз роутер DHCP
функциясына қолдау көрсетсе, ТД желіге DHCP немесе тұрақты IP мекенжайын пайдаланып сымсыз қосыла алады.
• Сымсыз роутер үшін ағымдық қолданылмай тұрған арнаны таңдаңыз. Сымсыз роутер үшін таңдалған арнаны басқа
құрылғы қолданып тұрса, әдетте бөгеуіл пайда болады және/немесе қосылым іске аспауы мүмкін.
• Көпшілік сымсыз желілердің балама қауіпсіздік жүйесі бар. Сымсыз желінің қауіпсіздік жүйесін қосу үшін таңбалар
мен сандарды пайдаланып қауіпсіздік кілтін жасау керек. Содан кейін сымсыз желіге қосылу үшін қауіпсіздік кілті
қолданылады.
Желінің қауіпсіздік протоколдары
ТД келесі сымсыз желінің қауіпсіздік протоколдарына ғана қолдау көрсетеді және сертификатталмаған сымсыз
роутерлерге қосыла алмайды:
• Түпнұсқалықты растау режимдері: WEP, WPAPSK, WPA2PSK
• Кодтау тәсілдері: WEP, TKIP, AES
Егер сымсыз роутерде Pure High-throughput (Greenfield) 802.11n режимі таңдалып, кодтау тәсілі ретінде WEP
немесе TKIP таңдалса, Samsung Smart ТД-ы жаңа Wi-Fi сертификаттау стандарттары бойынша желіге қосылуға
қолдау көрсетпейді.
Егер сымсыз роутер WPS (қорғалған Wi-Fi бапталымы) жүйесін қолдаса, желіге PBC (батырма түймешікті теңшеу)
немесе PIN (Жеке айғақтауыш нөмір) арқылы қосылуға болады. WPS функциясы SSID және WPA пернесінің
параметрлерін автоматты түрде теңшейді.
Желілік байланыс - Сым арқылы
Теледидарды желіге, желінің параметрлеріне қарай, сымды қолданып үш негізгі тәсілмен қосуға болады. Бұл
тәсілдер төменде сипатталған:
DHCP сервері бар сымсыз
IP роутері немесе модемі
Казақ - 14

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

9 seriesUe65f9000aUe55f9000sUe65f9000s

Table of Contents