Bosch Professional GAS 25 L SFC Original Instructions Manual page 101

Hide thumbs Also See for Professional GAS 25 L SFC:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
OBJ_BUCH-464-007.book Page 100 Monday, July 28, 2014 1:29 PM
100 | Қaзақша
Пайдалану түрлерінің реттеуішіндегі белгілер
on
Қосу
off
Өшіру
Электромагниттық сүзгі тазалау (SFC)
Қашықтықтан басқару автоматикасы
Қосу/өшіру
– Шаңсорғышты қосу үшін, пайдалану түрлерінің
реттеуішін 4 on белгісіне жылжытыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін шаңсорғышты тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, пайдалану түрлерінің
реттеуішін 4 off белгісіне жылжытыңыз.
Қашықтықтан басқару автоматикасы
(В суретін қараңыз)
Шаңсорғышта жерге қосылған розетка 5 орнатылған. Ол
жерде сыртқы электр құралын қосу мүмкін. Шаңсорғыш
қосылған электр құралы арқылы автоматты ретте жұмыс
істейді. Қосылған электр құралының максималды рұқсат
етілген қосылатын қуатына назар аударыңыз.
– Пайдалану түрлері ауыстырып-қосқышын 4 Қашықтан
басқару автоматикасымен пайдалану белгісіне
жылжытыңыз.
Электр құралдары үшін керек-жабдық ретінде қосу үшін
түрлі шланг жүйелері бар.
– Шаңсорғышты пайдалануға беру үшін розеткасына 5
қосулы электр құралын қосыңыз. Шаңсорғыш
автоматты ретте жұмыс істеуді бастайды.
– Шаңсорғышты өшіру үшін электр құралын өшіріңіз.
Шаңсорғыш автоматты ретте шам. 6 секундтан соң
өшеді.
Электромагниттық сүзгі тазалау (SFC)
Құрылғыда электромагниттық сүзгі тазалау қызметі бар,
ол қатпарлы сүзгіні 12 жабысқан шаңдан тазалайды.
Сору қуаты жетерлік болмай қалса сүзгі тазалауды
орындау қажет.
– Пайдалану түрлері ауыстырып-қосқышын 4
Электромагниттық сүзгі тазалау белгісіне
жылжытыңыз. Электр құралы қосулы болса оны
алдымен өшіру керек.
Шаңсорғыш шам. 10 секунд дірілдеп автоматты ретте
өшеді.
– Шаңсоруды қайта қосудан алдын қысқа уақыт күтіңіз,
себебі шаң контейнерде қонуы қажет.
Сүзгіні тазалау жиілігі шаң түрі мен көлеміне байланысты.
Жүйелі түрде пайдаланса максималды қуат ұзақрақ
қалады.
1 609 92A 0X9 | (28.7.14)
Ылғал шаңсору
 Шаңсорғышпен бензин, май, алкоголь, еріткіштер
сияқты жанғыш немесе жарылатын
сұйықтықтарды сормаңыз. Ыстық немесе жанатын
шаңдарды сормаңыз. Жарылу қаупі бар
бөлмелерде шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе
жарылуы мүмкін.
 Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
 Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
розеткадан шығарыңыз.
Ескертпе: Өткізу деңгейі талаптары (L шаң сыныпы) тек
құрғақ сору үшін негізделген.
Ылғал шаңсорудан алдын шаң қабын 11 алып тастап
контейнерді босатыңыз 9.
– Шаңсорғыш толтыру сенсорлерімен 14 жабдықталған.
Максималды толтыру биіктігі жетілсе шаңсорғыш
өшеді. Пайдалану түрлері ауыстырып-қосқышын 4
өшіру ге жылжытыңыз.
– Шаңсорудан соң қатпарлы сүзгіні 12 зеңнің пайда
болуына жол бермеу үшін қатпарлы сүзгіні шығарып
әбден кептіріңіз немесе шаңсорғыштың жоғары бөлігін
3 алып кептіріңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Жылына бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған адам
шаңдық тексеруді орындауы қажет, мысалы сүзгінің
зақымдалуын, шаңсорғышқа ауа кірмейтіндігін және
бақылау құрылғысының жұмыс істеуін.
Ласты орталықта тұрған L сыныпындағы шаңсорғыштарда
сырты мен барлық машина бөліктері тазаланып
герметікпен өңделуі керек. Қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстарын орындау кезінде барлық жетерлік ретте
тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бұл
бөліктерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою
бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
Шаңсорғышты қызмет көрсететін қызметкерлер мен өзге
адамдарға қауіп тудырмайтын ретте ажырату, тазалау
және қызмет көрсету керек. Ажыратудан алдын мүмкін
қауіптерді болдырмау үшін шаңсорғышты тазалау керек.
Шаңсорғыш ажыратылатын бөлме жақсы желдетілуі
керек. Қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс
жабдықтарын киіңіз. Қызмет көрсетуден соң қызмет
көрсету жайын тазалау керек.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents