Samsung QE75Q60ABUXCE User Manual page 18

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 10
Осы Пайдаланушы нұсқаулығын
оқымас бұрын
Осы теледидармен бірге осы пайдаланушы нұсқаулығы және
кіріктірілген электрондық нұсқаулық (
e-Manual) келеді.
Ескерту! Қауіпсіздік туралы
маңызды нұсқаулар
Теледидарды пайдаланар алдында қауіпсіздік нұсқауларын
оқып шығыңыз. Белгілердің түсіндірмесін төмендегі кестеден
қараңыз, олар сіздің Samsung құрылғыңыздағы белгілерден
өзгеше болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
ЭЛЕКТР ТОҒЫ СОҒУ ҚАТЕРІ АШУҒА БОЛМАЙДЫ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ
ҮШІН ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН)
АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ
ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА
ТАПСЫРЫҢЫЗ.
Бұл белгіше құрылғының ішінде жоғары
кернеу бар екенін көрсетеді. Осы өнімнің
ішкі бөлшектеріне қол тигізу қауіпті.
Бұл белгі осы құрылғыны іске пайдалануға
және күтіп ұстауға қатысты маңызды
нұсқаулар кітапшасының жинаққа кіргенін
көрсетеді.
II класс өнімі: Бұл таңба құрылғыны жерге
тұйықтау (қосу) арқылы қауіпсіз қосылым
жасаудың қажет емес екенін білдіреді.
Егер мына белгі тоққа қосылатын сымы
бар құрылғыңызда болмаса, құрылғыны
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ жерге қауіпсіз қосу
(тұйықтау) керек.
АТ кернеуі: Осы таңба арқылы белгіленетін
атаулы кернеу – АТ кернеуі.
ТТ кернеуі: Осы таңба арқылы белгіленетін
атаулы кернеу – ТТ кернеуі.
Абай болыңыз. Пайдалану нұсқаулығын
қараңыз: Бұл таңба қауіпсіздікке
қатысты толық ақпаратты пайдаланушы
нұсқаулығынан қарауды ұсынады.
Қазақ - 2
Қуат
• Қабырға розеткаларының, ұзартқыш сымдардың немесе
адаптерлердің кернеуінен және сыйымдылығынан
асатындай күш түсірмеңіз. Ол өрттің шығуына немесе
>
Параметрлер >
электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Кернеу мен тоқ шамасы туралы ақпаратты осы
нұсқаулықтың қуат сипаттамалары бөлімінен
және (немесе) құрылғыдағы қуатпен жабдықтау
жапсырмасынан қараңыз.
• Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не
қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп төсеу
керек. Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын
ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар
аударыңыз.
• Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір
зат сұқпаңыз. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
• Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі
жағын ешқашан қолмен ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек
уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.
• Қорек сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Қуат сымын розеткадан әрқашан ашаның өзінен ұстап
ағытыңыз. Ешқашан қуат сымынан тартып ағытпаңыз.
Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.
• Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан
әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан
суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе Samsung жөндеу
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау үшін немесе
қараусыз қалдырғанда не ұзақ уақыт қолданбаған
кезде (әсіресе бала, қарт немесе мүгедек адам жалғыз
қалғанда), ашасынан суырып, антенна немесе кабельдік
телевизия жүйесін ағытыңыз.
– Шаң жиналып қалса, электр қатері немесе электр
• Жерге дұрыс қосылған аша мен розетканы ғана
пайдаланыңыз.
– Жерге дұрыс тұйықталмаса, электр қатері орын алуы
• Осы құрылғыны толық сөндіру үшін розеткадан ағытыңыз.
Қажет болған жағдайда осы аспаптың тоқтан жылдам
суырылуын қамтамасыз ету үшін қабырғадағы розетка
мен қуат ашасына оңай жетуге болатынына көз жеткізіңіз.
ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе
қызу пайда болуы немесе қорек сымының қаптамасы
бүлінуі мүмкін.
немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші сынып
құрылғысына ғана қатысты.)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Qe55q60abuxceQe50q60abuxce

Table of Contents