Download Print this page

Philips HD7762 Manual page 76

Hide thumbs Also See for HD7762:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
76
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Әр пайдаланғаннан кейін тазалау
Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтықтарға батыруға және ағынды судың астында жууға
болмайды.
1 Штепсельдік ашаны розеткадан ажыратыңыз.
2 Кофе демдегіштің сыртын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
3 Сүзгі себетін және тұрақты сүзгіні ыстық сумен және біраз жуу сұйықтығымен тазалаңыз немесе
оларды ыдыс жуғышта тазалаңыз.
Ұнтақтағыш шұңғымасын тазалау
Ескерту: Ұнтақтағыш шұңғымасының ұнтақталған кофемен бітелуін болдырмау үшін, 1-2 апта сайын
тазалаңыз. Бұл төмендегі қадамдармен оңай әрі жылдам.
Ескертпе: Тазартуды бастамас бұрын кофе дәнінің ыдысы бос екенін тексеріңіз.
1 Құрылғыны (сурет 21) өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2 Сүзгі себетінің ұстағышын (сурет 14) ашыңыз.
3 Сүзгі себетіне (сурет 15) тұрақты сүзгі немесе қағаз сүзгі (1x4 түрі немесе № 4) салыңыз.
4 Сүзгі себетінің ұстағышын жабыңыз.
5 Ұнтақтағыш шұңғымасы қақпағын (сурет 22) ашу үшін дән науасын тазалау щеткасы шетін
пайдаланыңыз.
6 Қоюлығын таңдау түймесін 4 секунд (сурет 23) басып тұрыңыз. Ұнтақтағыш өзін тазалай бастайды.
7 Ұнтақтағыш тазалауды тоқтатқан соң, ұнтақталған кофенің қалдықтарын шұңғыманың (сурет 24)
төменгі бөлігіне жинау үшін дән науасын тазалау щеткасын қолданыңыз. Ұнтақталған кофенің
қалдықтары сүзгі себетіне түседі.
8 Ұнтақтағыш шұңғымасы қақпағын жабыңыз.
9 Қағаз сүзгісін немесе тұрақты сүзгіні ұнтақталған кофе қалдықтарымен алыңыз.
Кофе демдегішін қақтан тазалау
Артық бу байқалғанда немесе дәмдеу уақыты артқанда кофе демдегіш қағын кетіріңіз. Кофе демдегіш
қаған екі ай сайын кетіру ұсынылады. Қағын кетіруге тек ақ сірке суын пайдаланыңыз, себебі басқа
өнімдер кофе демдегішке зақым келтіруі мүмкін. Қақ кетіру туралы ақпаратты www.philips.com/descale-
coffeemaker сайтынан қараңыз.
Абайлаңыз! Құрылғы қаспағын тазалау үшін 8% не одан көп сірке қышқылы бар сірке суын,
табиғи сірке суын, ұнтақ не таблетка түріндегі қаспақ кетіргіштерді пайдалануға болмайды.
Құрал зақымдануы мүмкін.
1 Су ыдысының қақпағын ашыңыз.
2 Су ыдысын ақ сірке суымен (4% сірке қышқылы) 10 шыны көрсеткішіне дейін толтырыңыз.
3 Сүзгі себетіне тұрақты сүзгі немесе қағаз сүзгі (1x4 түрі немесе № 4) салып, сүзгі себетін
ұстағышты жабыңыз.
4 Бос құмыраны құралға орнатыңыз.
5 Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
6 Құралды (сурет 9) қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз. Дисплей жанады.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Hd7762/00