Download Print this page

Panasonic ER1420 Operating Instructions Manual page 18

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Маңызды ақпарат
Қолдану алдында
Бұл шаш алатын машинка шашты және сақалды қырқу үшін кәсіби
пайдалануға арналған. Алғаш рет қолданар алдында, құралда
орнатылған қайта зарядталатын батареяларды 8 сағат бойы
зарядтаңыз. Ол қуат көзі адаптерімен де, қайта зарядталатын
батареялармен де жұмыс жасай береді. Қолданар алдында, барлық
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Ұстараны зарядтау
ER1420/ER1410 шаш алатын машинканы RE5‑95 адаптерімен ғана
қолданыңыз.
5 °C‑тан төмен немесе 35 °C‑тан жоғары температурада
батареяларды зарядтамаңыз.
Батареяларды тікелей күн сәулесі немесе жылу көздерінің жанында
зарядтамаңыз.
Алғаш рет қолданылғанда және толық зарядталғанмен 6 ай немесе
одан да көп уақыт бойы қолданылмағанда, зарядтау күйінің (
шамы ерте жыпылықтауы мүмкін. Бұл ақаулық емес.
Ұстара ұзақ уақыт қолданылмауы мүмкін, сондықтан қуаттетікті
пайдалану мерзімін сақтау үшін оны әр 6 ай сайын зарядтау қажет.
Қуат сымы ауыстырылмайды. Ол зақымдалса, қуат көзі адаптерін
қолданбаңыз.
Ұстараны қолдану
Ескерту:
құрылғы құрғақ болуға тиіс.
Ұстара қолдану не зарядтау барысында жылып кетуі мүмкін. Ол
қалыпты құбылыс.
Қолданар алдында алмастың және қажет бөлшектердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Зақымдалған болса, оларды
ауыстырыңыз.
18
Шашты химиялық бұйралауға арналған құралды, шашты қалпына
келтіруге арналған құралды немесе шаш лагының ұстара қорабына
және алмасқа түсуінен сақ болыңыз.
Сақ болмау салдарынан жарықшақтану, түссіздену және тоттануға
әкеліп соғуы мүмкін.
Ұстараны жерге түсіріп алудан абай болыңыз.
Алмасты немесе қажетті бөлшектерді қатты затқа ұруға болмайды.
Үй жануарларының жүнін қырқу үшін қолдануға болмайды.
Ұстараны тазалау
Құрылғыны сабынды суға малынған немесе дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Каустикті құрал қолданбаңыз.
Ұстараны су астында қалдырмаңыз.
Ұстараны сақтау
Аталмыш құрал шектелген денелік, сенсорлық немесе ақыл‑ой
қабілеттіліктері кем, білім және тәжірибе тапшылығы бар
адамдармен (балаларды санағанда) пайдалануға тыйым салынады,
әзірше олардың қауіпсіздігіне жауапты адамның басшылығы мен
)
нұсқаудың маңында қолданған болса. Балаларға құралмен ойнауды
болдырмау мақсатында бақылау жүргізілу керек.
Қозғалыста болатын заттармен бірге қоймаңыз.
Ұстараның электр сым желісінен ұстамаңыз, ол ажыратылып зақым
келтіруі мүмкін.
Ұстара дұрыс жұмыс жасамаған жағдайда, өкілді қызмет
орталығына апарып тексертіңіз.
Сипаттама
Қуат көзі: Атау жазылған тақта өнімде орналасқан.
Электр қозғалтқыштың жұмыс кернеуі: 2,4 В айнымалы ток
Қуаттетікті зарядтау уақыты: 1 сағат
ҚОЛДАНУ АЛДЫНДА БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Er1410