Makita BO6030 Instruction Manual page 19

Random orbit sander
Hide thumbs Also See for BO6030:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ЕСКЕРТУ: Бұл өнімді әбден
пайдаланып үйренген (қайталап
пайдаланғанның нәтижесінде) болсаңыз
да, осы өнімді қолдану кезінде
қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде САҚТАУ ҚАЖЕТ. Осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта келтірілген
қауіпсіздік ережелерін ДҰРЫС
ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау ауыр
жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың жұмысын реттемей және
тексермей тұрып, оның өшірулі екеніне
және токтан ажыратылғанына әрдайым көз
жеткізіңіз.
Ауыстырып-қосқыш жұмысы
► Сурет1: 1. Құлыптау түймесі 2. Ауыстырып-
қосқыш шүріппесі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды қоспас бұрын, әрдайым ауыстырып-
қосқыш шүріппесінің дұрыс жұмыс істеп
тұрғанына және босатылған кезде "ӨШІРУЛІ"
күйіне қайтарылатынына әрқашан көз
жеткізіп тұрыңыз.
Құралды іске қосу үшін жай ғана ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартыңыз. Тоқтату үшін ауыстырып-
қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
Үздіксіз жұмыс істеу үшін ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартып, құлыптау түймесін басыңыз.
Құралды құлыпталған күйден шығару үшін,
ауыстырып-қосқыш шүріппесін толығымен тартып,
босатыңыз.
Жылдамдық реттегіш дөңгелек
► Сурет2: 1. Жылдамдық реттегіш дөңгелек
Айналу жылдамдығын жылдамдық реттегіш
дөңгелекті берілген 1-ден 5-ке дейінгі санға бұрау
арқылы өзгертуге болады.
Жылдамдық дөңгелек бағыты 5 санына бұралған
кезде артады. Ал 1 санына бұралған кезде
төмендейді.
Дөңгелек реттегіштегі нөмір реттеулері мен
шамаланған айналу жылдамдығы арасындағы
байланысты кестеден қараңыз.
10 000
4 000
1
А ауқымы: жылтырату үшін
B ауқымы: ажарлауды аяқтау үшін
C ауқымы: стандартты ажарлау үшін
ЕСКЕРТПЕ:
Жоғарыдағы суретте стандартты
қолданыс түрлері көрсетілген. Олар кейбір
жағдайларда өзгеруі мүмкін.
ҚҰРАСТЫРУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралмен жұмыс істемес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Алдыңғы тұтқа
► Сурет3: 1. Кертіктер 2. Алдыңғы тұтқа
3. Алдыңғы тұтқадағы саңылау
4. Бұрама шегені бұрағыш
Алдыңғы тұтқаны құралға оның шығыңқы бөліктері
құралдың алдыңғы жағындағы сәйкес келетін
кертіктерге сәйкес келетіндей етіп орнатыңыз.
Бұранданы алдыңғы тұтқадағы саңылау арқылы
қатайту үшін, алдыңғы тұтқаны бұрама шегені
бұрағышпен бекітіңіз.
Ысқыш дискіні орнату немесе
алып тастау
► Сурет4: 1. Ысқыш диск
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Ысқыш дискілердің әрдайым жабысқақ ілмек
жүйесін пайдаланыңыз. Қысымға сезімтал
ысқыш дискілерді пайдаланбаңыз.
Ысқыш дискіні орнатпас бұрын төсемді кірден
немесе бөгде заттардан тазалаңыз. Содан кейін
ысқыш дискінің жабысқақ ілмек жүйесін және
төсемді пайдаланып, ысқыш дискіні төсемге
бекітіңіз. Ысқыш дискідегі саңылауларды төсемдегі
саңылаулармен мұқият туралаңыз.
Дискіні төсемнен алып тастау үшін, жай ғана шетінен
тартып алыңыз.
19 ҚАЗАҚША
B
A
2
3
4
Д
а а
C
5

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents