Тд-Ды Орнату; Тд-Ды Қабырғаға Орнату - Samsung The Frame LS03T Series User Manual

Hide thumbs Also See for The Frame LS03T Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 34
03 ТД-ды орнату
ТД-ды қабырғаға орнату
Егер осы ТД-ды қабырғаға орнатсаңыз, өндіруші белгілеген нұсқауларды бұлжытпай
орындаңыз. Егер дұрыс орнатылмаса, ТД жылжып немесе құлап қалып, баланы немесе ересек
адамды қатты жарақаттауы және ТД-ға елеулі зақым келтіруі мүмкін.
Қабырғаға ілінетін адаптерлер берілетін үлгілерде қабырғаға ілу жинағын орнатардан бұрын
адаптерлерді орнатыңыз.
• Samsung қабырғалық аспа жинағымен бірге берілетін орнату нұсқаулығын қараңыз.
– Қабырғаға орнатылатын адаптерлердің пішімі үлгі түріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
– 43-50 дюймдік үлгілер үшін, тек екі қабырғалық жинақтың адаптерін қолдануға болады, ол төрт
қабырғалық жинақтың адаптері 55-дюймдік үлгілер үшін қолданылады. Алайда, 65-75-дюймдік
үлгілер үшін қабырғалық жинақтың адаптері берілмейді.
• Samsung Electronics қабырғалық аспа жинақты өз бетіңізбен орнатып, жарақат алсаңыз не басқа
адамдар зардап шексе немесе мүлікке нұқсан келсе, ешбір жауапкершілік көтермейді.
• Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Қабырғалық
аспа жинақты гипсокартоннан басқа қабырғаға орнату алдында қосымша ақпарат алу үшін ең жақын
жердегі дилерге хабарласыңыз. Егер ТД-ды төбеге немесе көлбеу қабырғаға орнатсаңыз құлап, адам
қатты жарақат алуы мүмкін.
• Қабырғаға ілу жинағының әдеттегі өлшемдері келесі беттегі кестеде көрсетілген.
• Егер басқа компанияның қабырғаға ілу жинағын орнататын болсаңыз, теледидарды қабырға
жинағына бекіту үшін пайдалануға болатын бұрандалардың ұзындығы келесі беттегі кестедегі C
бағанында көрсетілген.
• Қабырғаға ілу жинағын орнатқан кезде, барлық төрт VESA бұрандасын бұрауды ұсынамыз.
• Егер қабырғаға небары екі үстіңгі бұранданың көмегімен бекітілетін қабырғаға ілу жинағын
орнатқыңыз келсе, міндетті түрде орнатудың осы түрінде қолданылатын Samsung қабырғаға ілу
жинағын пайдаланыңыз. (Географиялық аймаққа байланысты қабырғаға ілу жинағының осы түрін
сатып ала алмауыңыз мүмкін).
Қабырғалық жинақтың адаптері
Қабырғалық
аспаның
қапсырмасы
Теледидар
C
Қазақ - 9

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents