Download Print this page

Dremel 3000 Original Instructions Manual page 36

Hide thumbs Also See for 3000:

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жарықты қосу немесе өшіру үшін
сырғытпаны ҚОСУ немесе ӨШІРУ күйіне қойыңыз (I)
қосу/өшіру қосқышын басыңыз (II)
Жарық модулінің орнын ауыстыру үшін, алдыңғы
қақпақты жай ғана босатыңыз, жарық модулін қажетінше
бұраңыз және алдыңғы қақпақты қайтадан бекемдеңіз.
АКСЕССУАРЛАР
АКСЕССУАРЛАРДЫ АУЫСТЫРМАС БҰРЫН ӘРДАЙЫМ
ҚҰРАЛДЫ АЖЫРАТЫҢЫЗ
Dremel арқылы тексерілген, өнімділігі жоғары
аксессуарларды ғана пайдаланыңыз. Dremel
аксессуарын пайдалану туралы қосымша ақпарат
алу үшін бірге берілген нұсқауларды міндетті түрде
оқыңыз. Аксессуарлардың сынуын және сызат
түсуін болдырмау үшін мұқият қолданып сақтаңыз.
АКСЕССУАРЛАРДЫ АУЫСТЫРУ
A. Цанга гайкасы
B. Цанга (3,2 мм)
C. Алдыңғы қақпақ (EZ Twist біріктірілген бұрауыш
кілті*)
D. Dremel патроны 4486*
E. Білікті құлыптау түймесі
F. Кілт
*) стандартты жинаққа кірмейді
1. Білік құлпының түймесін басып, білік құлыпқа
қосылғанша қолыңызбен айналдырыңыз. Құрал
жұмыс істеп тұрған кезде білік құлпын
кіргізбеңіз.
2. Білік құлпы қосулы кезде, цанга гайкасын босатыңыз
(алып тастамаңыз). Қажет болса, цанганың сомынды
бұрайтын кілтін пайдаланыңыз.
3. Кескіш немесе аксессуардың артқы ілмегін
толығымен цангаға енгізіңіз.
4. Білік құлпы қосулы кезде, цанга гайкасын бұрап
бекітіңіз.
EZ TWIST БІРІКТІРІЛГЕН БҰРАУЫШ КІЛТІ
Осы алдыңғы қақпақтың стандартты сомынды бұрайтын
кілтін пайдаланбай, цанга гайкасын босатуға және
бекітуге мүмкіндік беретін біріктірілген сомынды
бұрайтын кілті бар.
1. Алдыңғы қақпақты құралдан босатып, қақпақтың
ішіндегі болат ендірмені цанга гайкасымен
теңестіріңіз.
2. Білік құлпы қосулы күйде цанга гайкасын босату
үшін алдыңғы қақпақты сағат бағытына қарсы
бұрыңыз. Құрал жұмыс істеп тұрған кезде білік
құлпын кіргізбеңіз.
3. Кескіш немесе аксессуардың артқы ілмегін
толығымен цангаға енгізіңіз.
4. Білік құлпы қосулы күйде цанга гайкасын бекіту үшін
алдыңғы қақпақты сағат бағытымен бұрыңыз.
5. Алдыңғы қақпақты бастапқы орнына қайта бұрыңыз.
DREMEL ПАТРОНЫ 4486 (4300)
Dremel патроны Dremel құралдарындағы
аксессуарларды цангаларды ауыстырмай жылдам әрі
оңай ауыстыруға мүмкіндік береді. Артқы ілмегі 0,8 -
3,2 мм болатын аксессуарлар сыяды.
Босату үшін алдымен білік құлпының түймесін басып,
білік құлыпқа қосылғанша қолыңызбен айналдырыңыз.
Құрал жұмыс істеп тұрған кезде білік құлпын
кіргізбеңіз.
Білік қосылғанда, патронды босату және қысқыштарды
ашу үшін гайка кілтін немесе EZ Twist алдыңғы қақпағын
пайдаланыңыз.
9
A q
Патроннан аксессуарды алып тастаңыз. Қажет болса,
жаңа аксессуар қысқыштар арасында орнатылуы үшін,
патронды ары қарай босата беріңіз. Патронның ұшы
мен аксессуар жұмыс бөлігінің басы арасында шамамен
6 мм бос орын болуы үшін, жаңа аксессуарды патрон
ішіне жеткілікті арақашықтықпен енгізіңіз. Білік құлпы
қосылғанда, аксессуарды бекіту үшін патронды EZ Twist
алдыңғы қақпағымен немесе гайка кілтімен бекемдеңіз.
DREMEL ПАТРОНЫН ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Dremel патроны және цанга мен цанга гайкасының
жүйесі осы құралда өзара алмасуы мүмкін. Патрон
аксессуарларды ауыстыру үшін үздік тәжірибе
қамтамасыз етсе, цанга мен цанга гайкасы әсіресе
ауырлау бүйірлік жүктемемен қолдану барысында
аксессуарды дәлме-дәл ұстау шешімін ұсынады.
Егер патронда сырғып жатқан аксессуар табылса,
патронды бұрғы айналасында бекемдеу үшін
жинақта берілген EZ Twist алдыңғы қақпағын немесе
гайка кілтін пайдаланыңыз. Егер сырғу жойылмаса,
цанга мен цанга гайкасын пайдалануға ауысыңыз.
Патронның қысқыштары ауытқып кетіп,
аксессуардың дұрыс және концентрлік режимде
жұмыс істемеуіне (шығып кетуіне) әкеп соғуы
мүмкін.
Қысқыштарды қалпына келтіру үшін, келесі
процедураны орындаңыз:
1. Патроннан аксессуарды алып тастаңыз.
2. Патронды тазалаңыз.
3. Білік құлпының түймесін басып, қысқыштар
патронның сыртқы бетінен шамамен 3 мм-ге
шыққанша патронды бекемдеңіз.
4. Қысқыштардың барлығы білік бойынша орныққанына
сенімді болу үшін, патронның ұшын қатты тегіс
бетке басыңыз.
5. Қысқыштар толық жабылғанша патронды қолмен
бекемдей беріңіз.
6. Патронды босатыңыз да, тік аксессуарды қайта
енгізіңіз.
7. Құралды қолмен бұрап, шығып тұрған жерлердің
бар-жоғын тексеріңіз. Егер шығып кеткені анық
байқалса, процедураны қайталап шығыңыз.
8. Білік құлпы қосылғанда, аксессуарды бекіту
үшін патронды EZ Twist алдыңғы қақпағымен
немесе гайка кілтімен бекемдеңіз.
9. Құралды ең төмен жылдамдық параметріне
бұрап қойыңыз да, шығып кетпеуін қадағалаңыз.
Егер шығып кеткені анық байқалса, процедураны
қайталамас бұрын аксессуардың тік күйінде екенін
тексеріңіз.
АКСЕССУАРЛАРДЫ ТЕҢЕСТІРУ
Дәлдеп өңдеу үшін барлық аксессуарлар теңестірілген
болуы маңызды (автокөліктегі шиналар сияқты).
Аксессуарды реттеу немесе теңестіру үшін цанга
гайкасын ақырын босатып, аксессуар немесе цанганы
1/4 айналымға бұрыңыз. Цанга гайкасын қайта бекітіп,
айналмалы құралды іске қосыңыз.
Аксессуар теңестіріліп жұмыс істеп жатқанын дыбыс
және сезу арқылы айта алатындай болу керек. Үздік
тепе-теңдікке жеткенше осы күйде реттеуді жалғастыра
беріңіз.
ТІРКЕМЕЛЕР
Dremel өнімін құралдың функционалдығын арттыруға
арналған келесі тіркемелермен жабдықтауға болады:
Икемді білік *) мұқият жұмыс немесе қол жеткізу
қиын жерлер үшін (225 - 5-6 беттер).
36

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

40004300