Philips FC9177/01 User Manual page 50

Vacuum cleaner with triactive nozzle
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
50
-
Сору қуатын бір бағдарламаға төмендету үшін, - түймесін басыңыз (Cурет 16).
-
Сору қуатын бір бағдарламаға жоғарылату үшін, + түймесін басыңыз (Cурет 17).
сору қуатының түймесі (тек белгілі бір түрлерде).
-
Құрылғының жоғарғы жағында орналасқан сору қуатының түймесі арқылы сору қуатын
реттеуге болады (Cурет 18).
Қолданып жатқанда уақытша тоқтату
1
Бір сәтке үзіліс жасап, құбырды ыңғайлы орынға уақытша қою үшін, саптаманың
жиектерін уақытша қою орнына кіргізіңіз (Cурет 19).
2
Егер құрылғыңыз инфрақызыл басқару пультімен қамтамасыз етілген болса (тек белгілі
бір түрлерде), күту режимі түймесін басып, мәселен, жиһаздарыңызды жылжытып алу
үшін шаңсорғышты уақытша сөндіре тұруға болады. (Cурет 20)
3
Шаң соруды әрі қарай жалғастыру үшін, күту режимі түймесін қайтадан басыңыз.
Құрылғы алдында орнатылған сору қуаты бағдарламасы бойынша қайта жұмыс істей
бастайды.
шаң дорбасын босату/алмастыру
Бір рет қолданылатын шаң дорбасын тастар алдында немесе қайта қолданатын шаң
дорбасын алмастырар алдында құрылғыны сөндіріңіз.
Бір рет қолданылатын шаң дорбасын алмастыру
-
Шаң дорбасы толы көрсеткішінің түсі тұрақты болып жанып тұрса, шаң дорбасын саптама
еденге тигізілмеген кезде де ауыстыру керек (Cурет 21).
1
Оны ашу үшін, жабылғысын жоғары қарай тартыңыз (Cурет 22).
2
Шаң дорбасын ұстағышынан жоғары қарай тартып шығарып алыңыз (Cурет 23).
Шаң дорбасын құрылғыдан алып жатқанда, оны міндетті түрде тігінен ұстаңыз.
3
Ұстағыштан толған шаң дорбасын алу үшін, картон ілмегінен тартыңыз (Cурет 24).
Шаң дорбасының ауызы автоматты түрде жапсырылады.
,
4
Жаңа шаң дорбасының картон ілмегінің алдын дорба ұстағышының екі тесігіне
барынша итеріп салыңыз. (Cурет 25)
5
Шаң дорбасы ұстағышын қайтадан шаңсорғышқа салыңыз.
Ескертпе: Шаң дорбасы салынбаса, оның жабыны жабылмайды.
Қайта қолданылатын шаң дорбасын босату (тек белгілі бір елдерде).
Кей елдерде, шаңсорғышпен қоса қайта қолданылатын шаң дорбалары да беріледі,
оларды босатып, қайта қолдануға болады. Қайта қолдануға болатын шаң дорбаларын бір рет
қана қолдануға болатын шаң дорбаларының орнына қолдануға болады.
1
Жоғарыдағы «Бір рет қана қолданылатын шаң дорбасын алмастыру» бөлімінде
суреттелген жолмен қайта қолданылатын шаң дорбасын құрылғыдан және ұстағыштан
шығарыңыз.
2
Шаң дорбасының екі жағындағы сырғымасын сырғытыңыз.
3
Ішіндегі қоқысты қоқыс шелегіне сілкіп түсіріңіз.
4
Шаң дорбасын жабу үшін, сырғыманы шаң дорбасының астыңғы жиегіне дейін қайтадан
сырғытыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc9179Fc9160

Table of Contents