Фотосуретті басқаларға жіберу немесе оны әлеуметтік
желі қызметтері арқылы бөлісу үшін түртіңіз.
Фотосуретті жою үшін түртіңіз.
КЕҢЕС! Телефоныңызға SNS есептік жазбасы орнатылған болса,
фотосуретіңізді SNS қауымдастығымен бөлісуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: роуминг кезінде MMS хабарлары жүктелсе, қосымша ақы
алынуы мүмкін.
Барлық кеңейтілген опцияларды ашу үшін Меню
түртіңіз.
Суретті басқаша орнату – фотосуретті контакт фотосуреті,
бастапқы экранның тұсқағазы немесе құлыпталған экранның
тұсқағазы немесе түсқағаз ретінде пайдалану үшін түртіңіз.
Жылжыту – фотосуретті басқа орынға жылжыту үшін түртіңіз.
Көшіру – таңдалған фотосуретті көшіру және басқа альбомда
сақтау үшін түртіңіз.
Буферге көшіру – фотосуретті көшіру және буферге сақтау үшін
түртіңіз.
Атын өзгерту – таңдалған фотосуреттің атын өзгерту үшін
түртіңіз.
Солға бұру/оңға бұру – солға немесе оңға бұрыңыз.
Қиып алу – фотосуретті қиып алу. Қиып алынатын аймақты
таңдау үшін саусағыңызды экран үстімен жылжытыңыз.
Түзету - суретті көріңіз және өзгертіңіз.
Слайд көрсетілімі – ағымдағы қалтадағы суреттерді бірінен
кейін бірін автоматты түрде көрсетеді.
Орын қосу – орын туралы ақпаратты қосу үшін.
пернесін
67