Негізгі Экран; Сенсорлы Экран Кеңестері - LG -D958 User Manual

Hide thumbs Also See for LG-D958:
Table of Contents

Advertisement

Негізгі экран
Сенсорлы экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту - саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте
жолдарды және экрандық пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
Түрту және ұстап тұру – экрандағы элементті түртіп, әрекет
орындалғанша саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз.
Мысалы, контактінің қол жетімді опцияларын ашу үшін мәтінмән
мәзірі ашылғанша, Контактілер тізімінде контактіні түртіңіз және
ұстап тұрыңыз.
Сүйреу - элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты
көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда
жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда элементтерді
сүйреуге болады.
Сипау немесе сырғыту - сипау үшін бірінші тигенде кідірместен
саусақты экранда тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз).
Мысалы, экранды жоғары немесе төмен жанап өтіп тізімді
айналдыруға я болмаса солдан оңға (және керісінше) жанап өту
арқылы әр түрлі негізгі экрандарды шолуға болады.
Екі рет түрту – веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі
рет түртіңіз. Мысалы, экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет
бөлімшесін реттеу үшін сол бөлімшені жылдам екі рет түртіңіз.
Суретті көріп отырып, үлкейту және кішірейту үшін екі рет түртуге
де болады.
Масштабтау үшін шымшу - шымшу немесе ашу қозғалысында
сұқ саусағыңыз бен бас бармағыңызды пайдаланып, шолғышты,
Карталар бағдарламасын пайдаланып жатқанда немесе
суреттерді шолу кезінде үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз.
Экранды бұру - көп қолданбалар мен мәзірлерде экранның
бағдары құрылғының физикалық бағдарына сай реттеледі.
34

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents