LG -D958 User Manual page 312

Hide thumbs Also See for LG-D958:
Table of Contents

Advertisement

Маңызды ескерту
АБАЙЛАҢЫЗ!
Құлыпты ашу өрнегін пайдалану кезінде қадағаланатын сақтық
шаралары.
Орнатылған құлыпты ашу өрнегін есте сақтау өте маңызды. Құлып
өрнегі 5 рет қате енгізілсе, телефонды қолдану мүмкін болмайды.
Құлыпты ашу өрнегін, PIN кодын немесе кілтсөзді енгізу үшін 5
мүмкіндік беріледі. 5 мүмкіндіктің барлығын пайдаланып тастасаңыз, 30
секундтан кейін әрекетті қайталауға болады.
Өрнекті, PIN кодын немесе кілтсөзді еске түсіре алмаған
кезде:
< Өрнекті ұмытып қалсаңыз >
Егер телефоннан Google есептік жазбасына кіріп, өрнекті
қатарынан 5 рет дұрыс енгізе алмасаңыз, экранның төменгі
жағындағы Үлгіні ұмыттыңыз ба? түймесін басыңыз. Содан
кейін Google есептік жазбасымен кіруіңіз немесе құлыптау өрнегін
жасаған кезде енгізілген Сақтық PIN кодын енгізуіңіз қажет
болады.
Егер телефонда Google есептік жазбасын жасамаған
болсаңыз немесе Сақтық PIN кодын ұмытып қалсаңыз, жабдық
параметрлерін қалпына келтіруіңіз қажет.
< PIN кодын немесе құпия сөзді ұмытып қалсаңыз >
PIN кодын немесе құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, толық қалпына
келтіруді орындауыңыз керек болады.
Ескерту! Толық қалпына келтіруді орындасаңыз, барлық пайдаланушы
қолданбалары және пайдаланушы деректері жойылады.
ЕСКЕРТПЕ. Google есептік жазбасына кірсеңіз және құлыпты ашу
өрнегін ұмытып қалсаңыз, сақтық PIN кодын енгізуіңіз керек болады.
20

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents