Осы Пайдаланушы Нұсқаулығы Туралы - LG G3 S 3G User Manual

Hide thumbs Also See for G3 S 3G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 321
Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы
Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы
Құрылғыны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл
телефонды қауіпсіз жəне дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.
Осы нұсқаулықта берілген кейбір суреттер жəне скриншоттар телефоныңызда
басқа болуы мүмкін.
Мазмұныңыз түпкілікті өнімнен, не болмаса қызмет провайдерлері немесе
операторлары қамтамасыз еткен бағдарламадан басқаша болуы мүмкін, Бұл
мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Осы нұсқаулықтың соңғы нұсқасын
алу үшін LG веб-сайтына кіріңіз: www.lg.com.
Телефон қолданбалары жəне олардың функциялары елге, аймаққа немесе
жабдық спецификацияларына қарай əртүрлі болуы мүмкін. LG компаниясы
LG компаниясынан басқа провайдерлер əзірлеген қолданбаларды пайдалану
нəтижесінде болған кез келген өнімділік мəселелеріне жауапты болмайды.
LG компаниясы тізбені өзгерту, параметрлерді өзгерту немесе амалдық жүйе
бағдарламасын өзгерту нəтижесінде болған өнімділік немесе үйлесімсіздік
мəселелеріне жауапты болмайды. Амалдық жүйені реттеудің кез келген əрекеті
құрылғының немесе оның қолданбаларының тиісті түрде жұмыс істемеуіне əкелуі
мүмкін.
Құрылғымен бірге қамтамасыз етілген бағдарлама, дыбыс, тұсқағаз, суреттер
жəне басқа мультимедиа шектеулі пайдалану үшін лицензияланған. Осы
материалдарды шығарып алып, коммерциялық немесе басқа мақсаттарға
пайдалансаңыз, авторлық құқықтар туралы заңдарды бұзып жатқан болуыңыз
мүмкін. Пайдаланушы ретінде мультимедианы заңсыз пайдалану үшін толығымен
жауапты боласыз.
Хабар алмасу, жүктеу жəне жүктеп алу, автосинхрондау немесе орынды анықтау
қызметтерін пайдалану сияқты деректер қызметтеріне қосымша ақылар алынуы
мүмкін. Қосымша ақыларға жол бермеу үшін қажеттіліктеріңізге қолайлы деректер
жоспарын таңдаңыз. Қосымша мəліметтер алу үшін қызмет провайдеріне
хабарласыңыз.
93

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lg-d724

Table of Contents