LG G3 S 3G User Manual page 218

Hide thumbs Also See for G3 S 3G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 321
Қауіпсіз жəне тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
жетімді болмайынша кешігуі мүмкін. Тасымалдау аяқталмайынша, жоғарыда
айтылған ара қашықтық туралы нұсқаулықтары орындалатынын тексеріңіз.
Өнімге күтім жəне техникалық қызмет көрсету
АБАЙЛАҢЫЗ!
Тек осы телефон үлгісі үшін мақұлданған батареяларды, зарядтағышты жəне
қосымша құралдарды пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану телефон
мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз етуі жəне қауіпті болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет болғанда,
құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен бөлшектерді
немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары кіруі
мүмкін. Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын бөлшекпен бірдей болу керек.
Теледидар, радио жəне компьютер сияқты электр жабдықтарынан алшақ жерде
ұстаңыз.
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен аулақ жерде
сақтау керек.
Түсіріп алмаңыз.
Бұл құралды шайқамаңыз жəне соғып алмаңыз.
Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде телефонды сөндіріңіз. Мысалы,
телефонды емханаларда пайдаланбаңыз, өйткені ол медициналық жабдықтарға
əсер етуі мүмкін.
Зарядталып жатқанда, телефонды ылғалды қолмен ұстауға болмайды. Бұл ток
соғуына себеп болып, телефонды қатты зақымдауы мүмкін.
Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені гарнитура қызып,
өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш немесе спирт
қолданбаңыз).
Телефонды жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
Телефонды жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға шығармаңыз.
6

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lg-d724

Table of Contents