LG G3 S 3G User Manual page 222

Hide thumbs Also See for G3 S 3G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 321
Қауіпсіз жəне тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Төтенше жағдай қоңыраулары
Төтенше жағдай қоңыраулары ұялы желілердің ешқайсысынан шалынбай қоюы
мүмкін. Сондықтан төтенше қоңыраулар шалу үшін тек осы телефонға сенім артуға
болмайды. Жергілікті қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Батарея ақпараты жəне күтімі
Зарядтау алдында батареяның зарядын толық бітіру шарт емес. Басқа батарея
жүйелерінен өзгеше, батареяның жұмысына қауіп төндіретін жад əсері жоқ.
Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз. LG зарядтағыштары
батареяның жарамдылық мерзімін арттырады.
Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға болмайды.
Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз. Алмастырудан бұрын
батареяны жүздеген рет зарядтауға болады.
Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт қолданылмаған батареяны
зарядтаңыз.
Батарея зарядтағышын күн сəулелері астында немесе жуыну бөлмесі сияқты
ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз: жұмысына кері əсер беруі
мүмкін.
Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда болады.
Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші нұсқауларын
орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін тапсырыңыз. Үй қоқысымен бірге
тастамаңыз.
Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics компаниясының ең жақын қызмет
көрсету орталығына немесе дилеріне апарып, көмек алуға болады.
Телефон толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат тұтынуын болдырмау
үшін, зарядтағышты розеткадан ажыратыңыз.
Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім параметрлеріне,
пайдалану тəсілдеріне, батареяға жəне қоршаған ортаға байланысты болады.
Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың батареяға
тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.
10

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lg-d724

Table of Contents