Download Print this page

Маңызды Ақпарат - Philips HR7761 User Manual

Hide thumbs Also See for HR7761:

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
1 Маңызды ақпарат
Құралды қолданар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығып, болашақта анықтама
ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті
Мотор бөлімін суға салуға немесе ағын сумен шаюға болмайды.
Абайлаңыз!
Құрал істеп тұрғанда, азық салатын түтікке азықты саусақпен немесе басқа затпен
(мысалы, күрекше) тықпаңыз. Тек тығындағышты пайдаланыңыз.
Құралды розеткаға қоспас бұрын, оның астында көрсетілген кернеудің жергілікті
розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
Қауіпті жағдай орын алмауы үшін, бұл құралды таймер арқылы істетпеңіз.
Қуат сымы, штепсель немесе басқа бөлшектер зақымданған болса, құралды
қолданбаңыз.
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар
ауыстыруы керек.
Қозғалу, сезу немесе ойлау қабілеті төмен, тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құралды қауіпсіздігі үшін жауапты адамның
қадағалауынсыз немесе осы құралды пайдалану туралы нұсқауларсыз пайдаланбауы
керек.
Қауіпсіздік мақсатында балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
Құралдың қадағалаусыз істеп тұруына жол бермеңіз.
Блендер құмырасының немесе тостағанының қабырғаларына азық жабысып қалса,
құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз. Жабысып қалған азықты күрекшемен
алып тастаңыз.
Қосымшаларды, ас комбайны мен блендердің пышақ бөлімдерін және шағын
турағышты ұстағанда немесе тазалағанда абай болыңыз. Пышақ бөлімдері мен
қосымшалардың жүздері өте өткір болады.
Пышақтардың жүзін ұстамаңыз (әсіресе құрал қуат көзіне қосулы тұрған кезде).
Пышақтар өте өткір.
Пышақтар кептеліп қалса, тұрып қалған азықты алу үшін, алдымен құралды
розеткадан ажыратыңыз.
Ескерту
Құралды блендер құмырасын, тостағанды немесе олардың қақпақтарын бұрап
өшірмеңіз. Құралды жылдамдық таңдағышын 0 күйіне қою арқылы ғана өшіріңіз.
Қолданып болған соң құралды дереу розеткадан ажыратыңыз.
Блендер құмырасына саусақ немесе басқа зат (мысалы, күрекше) салмас бұрын
құралды розеткадан ажыратыңыз.
Тостағанның немесе құмыраның қақпағын ашпас бұрын құралдың жылжымалы
бөлшектерінің тоқтауын күтіңіз.
Құмыраның немесе тостағанның ең жоғарғы көрсеткішінен асырмаңыз.
Құралды алғаш қолданар алдында, азыққа тиетін бөлшектерді жақсылап тазалаңыз.
Қосымшаларды, илейтін ілмектерді немесе дискілерді шешпес немесе тазаламас
бұрын, құралды розеткадан ажыратыңыз.
Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы нақты ұсынбаған қосалқы
құралдар мен бөлшектерді ешқашан пайдаланбаңыз. Ондай қосалқы құралдар мен
бөлшектерді пайдалансаңыз, құралдың кепілдігі өз күшін жояды.
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген көлем мен өңдеу уақытынан асырмаңыз.
Ыстық азықтарды өңдемес бұрын суытып алыңыз (< 80 °C).
Әр партияны өңдегеннен кейін құралды міндетті түрде бөлме температурасына
дейін суытып алыңыз.
Кейбір азық түрлері бөлшек беттерінің түстерін өзгертуі мүмкін. Бұл бөлшектерге
кері әсер етпейді. Бөлшек түсі әдетте белгілі бір уақыттан кейін қалпына келеді.
Ескертпе
Шу деңгейі = 78 дБ [A]
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (EMF) қатысты барлық талаптарға
сәйкес келеді. Нұсқаулықта көрсетілгендей және ұқыпты қолданылған жағдайда, құралды
пайдалану қазіргі ғылыми дәлелдер негізінде қауіпсіз болып табылады.
Қайта өңдеу
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Өнімде үсті сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі болса, өнім Еуропалық 2002/96/
EC директивасына кіретінін білдіреді.
Өнімді еш уақытта басқа тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Электр және
электрондық өнімдердің бөлек жиналуы туралы жергілікті ережелермен танысыңыз. Ескі
өнімді қоқысқа дұрыс әдіспен тастау арқылы қоршаған ортаны және адам денсаулығын
сақтап қалуға болады.
2 Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз!
Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome
торабында тіркеңіз.
Құралдың ішіне қауіпсіздік құлпы орнатылған. Құралды мотор бөліміндегі келесі
бөлшектерді дұрыс жинағанда ғана қосуға болады:
ас комбайнының тостағаны және оның қақпағы; немесе
блендердің құмырасы және оның қақпағы; немесе
шағын турағыш.
Бұл бөлшектер дұрыс жиналған болса, ішке орнатылған қауіпсіздік құлпы ашылады.
Рецептілер алу үшін, www.philips.com/kitchen торабына өтіңіз.
3 Ас комбайны
Пышақтар
Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 2.
Пышақтардың көмегімен азықтарды турауға, араластыруға, шайқауға немесе олардан
езбе жасауға болады.
Ескерту
Пышақтармен кофе дәндері, куркума, мускат жаңғағы және мұз бөліктері сияқты қатты
азықтарды ұсақтамаңыз, себебі бұл пышақтың өткірлігіне әсер етеді.
Ескертпе
(Қатты) ірімшік немесе шоколад тураған кезде, құралды ұзақ істетпеңіз. Әйтпесе, бұл азық
түрлері қызып, ериді де, кесектеніп кетеді.
Азықтың үлкен кесектерін алдын ала 3 x 3 x 3 см етіп бөліп алыңыз.
1
Тостағанды сағат тілімен бұрып мотор бөліміне бекітіңіз де, тостағанға тұтқаны
салыңыз.
» Тостаған дұрыс тағылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі.
2
Пышақтарды қорғау қабынан шығарыңыз.
3
Пышақ бөлімін тұтқаға орнатыңыз.
4
Азықты тостағанға салыңыз.
5
Тостағанның қақпағын жабыңыз да, қақпақты сағат тілімен бұрап бекітіңіз.
» Қақпақ дұрыс жабылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі, ал қақпақ тостаған
тұтқасына бекітіледі.
6
Тығындағышты тамақ салатын түтікке кіргізіңіз.
7
Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
8
(
Қосалқы құралдың түсіне
1 жылдамдығына) сәйкес келетін жылдамдықты
таңдаңыз.
9
Пайдаланған соң, жылдамдық таңдағышты 0 күйіне қойып, құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз.
Кеңес
Пиязды тым ұсақ етіп турамау үшін, жылдамдық таңдағышты бірнеше рет P күйіне бұрап
қойыңыз.
Пышаққа немесе тостаған ішіне тұрып қалған тамақты қалай алуға болады? 1. Құралды өшіріп,
розеткадан ажыратыңыз. 2. Тостағанның қақпағын ашыңыз. 3. Пышақтағы немесе тостағанның
ішіндегі азықты күрекшенің көмегімен тазалаңыз.
Илеу құралы
Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 3.
Нан немесе пиццаларға арналған ашытылған қамырды илеу үшін илеу құралын қолдануға
болады. Қамырды ылғалдылық және температура жағдайына сай жасау үшін, сұйықтық
мөлшерін реттеуіңіз керек.
1
Тостағанды сағат тілімен бұрып мотор бөліміне бекітіңіз де, тостағанға тұтқаны
салыңыз.
» Тостаған дұрыс тағылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі.
2
Илеу құралын тұтқаға орнатыңыз.
3
Азықты тостағанға салыңыз.
4
Тостағанның қақпағын жабыңыз да, қақпақты сағат тілімен бұрап бекітіңіз.
» Қақпақ дұрыс жабылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі, ал қақпақ тостаған
тұтқасына бекітіледі.
5
Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
6
Қосалқы құралдың түсіне (1 жылдамдығына) сәйкес келетін жылдамдықты
таңдаңыз.
Құрылғы істеп тұрғанда, рецептке қарай, сұйық азықты салынатын түтікке
құйыңыз.
7
Пайдаланған соң, жылдамдық таңдағышты 0 күйіне қойып, құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз.
Дискілер және қосымшалар
Бастамастан бұрын, қажетті дискіні келесіден таңдап, оны келесі суреттерге сай
жинағаныңызды тексеріңіз: 4 және 5:
Эмульсиялық диск
Ауысатын кесу / үгіту дискісі (майда) (Тек HR7762 және HR7763)
Ауысатын кесу / үгіту дискісі (ірі) (Тек HR7762 және HR7763)
Қуырылған картоп дискісі (Тек HR7762 және HR7763)
Уақтау дискісі (тек HR7762 үлгісінде)
Тілімдейтін диск (Тек HR7763)
Ескерту
Дискінің кесу пышағын ұстағанда абайлаңыз. Онда өте өткір кесу жүзі бар.
Дискіні ешқашан мұз текшелері сияқты қатты азықтарды өңдеу үшін пайдаланбаңыз.
Азық салынатын түтіктің ішіне азықтарды тығындағышпен күш салып тығындамаңыз.
Ескертпе
Ірі кесектерді азық салатын түтікке сыятын кесектерге алдын ала бөліп алыңыз.
1
Тостағанды сағат тілімен бұрып мотор бөліміне бекітіңіз де, тостағанға тұтқаны
салыңыз.
» Тостаған дұрыс тағылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі.
2
Дискіні тұтқаға орнатыңыз. Қосымшалар үшін (Тек HR7761) қосымшаны төменде
көрсетілгендей қосымша ұстағышқа қойып, қосымшасы бар қосымша ұстағышты
тұтқаға орнатыңыз.
Қосымша саңылауын қосымша ұстағышының өзегіне кигізіңіз.
Қосымша саңылауын өзектегі дөңестен итеріп өткізіңіз.
Ұстағышына «сырт» етіп орнына түскенше қосымшаны басыңыз.
3
Тостағанның қақпағын жабыңыз да, қақпақты сағат тілімен бұрап бекітіңіз.
» Қақпақ дұрыс жабылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі, ал қақпақ тостаған
тұтқасына бекітіледі.
4
Ингредиенттерді беру түтігіне итергішпен салыңыз. Жақсылап туралуы немесе
үгітілуі үшін, азық салатын түтікті бірқалыпты етіп толтырыңыз. Азықты көп
мөлшерде өңдеу керек болса, онда кішкене партиялармен өңдеңіз және
тостағанды партиялар арасында босатып отырыңыз.
5
Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
6
1-кестеде ингредиенттер үшін қажетті дайындау уақытын, ең көп мөлшерді
және жылдамдық параметрін тексеріңіз. Қосалқы құралдың түсіне сәйкес келетін
жылдамдықты таңдаңыз.
7
Пайдаланған соң, жылдамдық таңдағышты 0 күйіне қойып, құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз.
4 Шағын турағыш
Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 6.
Ескерту
Шағын турағышпен мускат жаңғағы, мұз кәмпит немесе мұз кесектері сияқты қатты азықтарды
турамаңыз.
Шағын турағышты тоқтатпастан 30 секундтан артық істетпеңіз.
Сұйықтық ақпауы үшін, пышақтарды шағын турағышқа тақпас бұрын оған сақина тығыздағышты
салыңыз.
Қалампыр, жұлдызды бәден және бәден дәндерін әрдайым бірге өңдеңіз. Бөлек өңдесе, бұлар
құралдың пластмассалық материалдарына зақым келтіруі мүмкін.
Шағын турағыш стаканы қалампыр, бәден және даршын сияқты азықтарды өңдеген кезде түсін
жоғалтуы мүмкін.
Жеміс шырындары сияқты сұйықтықтарды өңдеу үшін шағын турағышты пайдаланбаңыз.
Ыстық азықтарды өңдемес бұрын суытып алыңыз (< 80 °C).
1
Азықтарды шағын турағыш стаканындағы ең жоғарғы деңгейге дейін салыңыз.
2
Пышақтарды шағын турағыш стаканында сағат тіліне қарсы бұрап мықтап бекітіңіз.
3
Шағын турағышты мотор бөліміне орнатып, сағат тілімен сырт еткенше бұраңыз.
4
Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
5
(
Қосалқы құралдың түсіне
2 жылдамдығына) сәйкес келетін жылдамдықты
таңдаңыз. Азықтар жетерліктей ұсақ болғанша 10-30 секундтай істетіңіз.
6
Пайдаланған соң, жылдамдық таңдағышты 0 күйіне қойып, құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз.
7
Шағын турағышты сағат тіліне қарсы бұрап мотор бөлімінен шешіп алыңыз.
8
Пышақтарды сағат тілімен бұрап шағын турағыш стаканынан шешіп алыңыз.
Кеңес
Сиыр етін өңдегенде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, мұздатылған сиыр етінің
текшелерін пайдаланыңыз.
Шағын турағыштың қабырғаларына жабысып қалған азықтарды кетірудің жолы 1. Құралды
өшіріп, розеткадан ажыратыңыз. 2. Пышақтардан стаканды шешіңіз. 3. Пышақтағы немесе
стаканның ішіндегі азықты күрекшенің көмегімен тазалаңыз.
5 Блендер
Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 7.
Блендер функциялары:
сүт өнімдері, соустар, жеміс-жидек шырындары, сорпа, сусындар, коктейльдер
сияқты сұйықтықтарды шайқау;
құймаққа арналған сұйық қамырды дайындау;
балалар тағамы сияқты піскен азықтардан пюре жасау.
Ескертпе
Блендер құмырасының тұтқасына күш салмаңыз.
Блендер қосылып тұрғанда, құмыраға қолыңызды немесе басқа затты салмаңыз.
Пышақтарды блендер құмырасына тақпас бұрын оған сақина тығыздағышты салыңыз.
Өңдеу барысында сұйық азықтарды қосу үшін, оларды блендер құмырасына азық салынатын
тесік арқылы құйыңыз.
Өңдемес бұрын, қатты азықты кішкентай етіп бөлшектеп алыңыз.
Көп мөлшерде дайындау керек болса, бірден көп азық салмай, кішкентай партияларға бөліңіз.
Сорпа шайқағанда пісірілген азық түрлерін қолданыңыз.
Тасымауы үшін: ыстық немесе көбіктенетін (мысалы, сүт) сұйықтықтарды өңдегенде, блендер
құмырасына 1 литрден артық сұйықтық құймаңыз.
Нәтиже қанағаттандырмаса, құралды өшіріп, азықтарды күрекшемен араластырыңыз. Азырақ
көлемін өңдеу немесе сұйықтық қосу үшін, кішкене бөлігін алып тастаңыз.
1
Пышақтарды блендер құмырасына бұрап бекітіңіз.
2
Блендер құмырасын мотор бөліміне орнатып, оны сағат тілімен бұрап бекітіңіз.
» Құмыра дұрыс тағылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі.
3
Азықтарды блендер құмырасына жоғарғы деңгейден асырмай салыңыз.
4
Блендер құмырасының қақпағын жауып, оны сағат тілімен бұрап бекітіңіз.
5
Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
6
(
Қосалқы құралдың түсіне
2 жылдамдығына) сәйкес келетін жылдамдықты
таңдаңыз.
7
Пайдаланған соң, жылдамдық таңдағышты 0 күйіне қойып, құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз.
Кеңес
Блендер құмырасының қабырғаларына жабысып қалған азықтарды кетірудің жолы 1. Құралды
өшіріп, розеткадан ажыратыңыз. 2. Қақпағын ашып, күрекшенің көмегімен азықты құмыра
қабырғасынан тазалаңыз. 3. Күрекшені пышақтан кемінде 2 см аулақ ұстаңыз.
6 Тазалау және сақтау
Ескерту
Құралды тазаламас бұрын оны розеткадан ажыратыңыз.
Пышақтардың, дискілердің және қосымшалардың жүздерін қатты заттарға тигізбеңіз. Бұл
пышақты мұқалтуы мүмкін.
Жүздері өте өткір. Тазалағанда абайлаңыз.
1
Моторды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
2
Басқа бөлшектерді ыстық суға (< 60 ºC) біраз жуу сұйықтығын қосып немесе ыдыс
жуғышта жуыңыз.
3
Өнімді құрғақ жерде сақтаңыз.
Жылдам тазалау
Ас комбайны тостағанын және блендер құмырасын оңай тазалау үшін, төмендегі
қадамдарды орындауға болады.
Ескертпе
Ас комбайны тостағанын тазалаған жағдайда, пышақтың тостағанға тағылғанын тексеріңіз.
1
Ас комбайнының тостағанына немесе блендер құмырасына жылы су (0,5 литрден
аспауы керек) және аздап жуу сұйықтығын құйыңыз.
2
Ас комбайны тостағанының немесе блендер құмырасының қақпағын жауып, оны
сағат тілімен бұрып бекітіңіз.
3
Тостаған немесе құмыра таза болғанша жылдамдық таңдағышын P күйіне қойыңыз.
4
Ас комбайнының тостағаны немесе блендер құмырасы таза болғанша құралды 30
секундтай істетіңіз.
5
Блендер құмырасын немесе ас комбайны тостағанын шешіп, таза сумен шайыңыз.
7 Кепілдік және қызмет көрсету
Проблема болса, қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса , www.philips.com/support
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүние жүзілік кепілдік кітапшасынан табуға болады.
Егер еліңізде тұтынушыларға қолдау көрсету орталығы болмаса, онда жергілікті Philips
компаниясының дилеріне барыңыз.
2/3
3140 035 29972

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Hr7763Hr7762