LG LM95 Series Owner's Manual page 73

Hide thumbs Also See for LM95 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ЕСКЕРТУ
y Мониторды қабырғаға орнату керек болса, VESA стандартты орнату интерфейсін (қосымша
бөлшектер) өнімнің артқы жағына бекітіңіз. Қабырғаға орнату интерфейсін (қосымша
бөлшектер) пайдаланып, теледидарды орнатқанда, түсіп кетпейтіндей мұқият бекітіңіз.
y Тек өндіруші көрсеткен қосымша жабдықтарды қолданыңыз.
y Антеннаны орнатқанда білікті қызмет көрсету маманнан кеңес алыңыз.
Бұл өрт шығу қаупін немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
y Теледидарды көргенде экран диагоналінің ұзындығынан 2-7 еселік қашықтықты
сақтау ұсынылады.
Теледидарды ұзақ уақыт көргеннен кейін көзіңіз бұлдырауы мүмкін.
y Тек көрсетілген батарея түрін пайдаланыңыз.
Бұл қашықтан басқару құралын зақымдауы мүмкін.
y Жаңа батареяларды ескі батареялармен араластырмаңыз.
Бұл батареялардың шамадан тыс қызуын және ағып кетуін тудыруы мүмкін.
y Қашықтан басқару құралы мен сенсордың арасында еш нәрсе тұрмауын
тексеріңіз.
y Қашықтан басқару құралының сигналына күн сәулесі немесе басқа күшті жарық
кедергі тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда бөлмені күңгірттеңіз.
y Бейне ойын консольдері сияқты сыртқы құрылғыларды жалғау алдында жалғау
кабельдерінің ұзындығы жеткілікті екенін тексеріңіз.
Әйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы немесе өнімді зақымдауы
мүмкін.
y Өнімді қуат сымын қабырға розеткасына қосу немесе шығару арқылы қосып/
өшірмеңіз. (Штепсельдік ұшты қосқыш ретінде пайдаланбаңыз.)
Бұл механикалық ақаулық немесе сымнан электр тогының соғуына әкелуі
мүмкін.
y Өнімнің шамадан тыс қызуын болдырмау үшін төмендегі орнату туралы
нұсқауларды орындаңыз.
» Өнім мен қабырғаның арасындағы қашықтық 10 cм көбірек болуы керек.
» Өнімді желдетілмейтін жерге (мысалы, кітап сөресіне немесе шкафқа)
қоймаңыз.
» Өнімді кілем немесе жастық үстіне орнатпаңыз.
» Ауа тесігін төсемнің немесе перденің жауып тұрмағанын тексеріңіз.
Әйтпесе, бұл өртке әкелуі мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
7

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lm96 seriesLm86 series

Table of Contents