Makita PF400MP Original Instruction Manual page 238

Pump attachment
Hide thumbs Also See for PF400MP:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қолдану мақсаты
Бұл саптама мақұлданған электрлік қондырғымен
бірге суды сорып шығаруға арналған. Саптаманы
басқа мақсатта мүлде пайдалануға болмайды.
Саптаманы жөнсіз пайдалансаңыз, ауыр жарақат
алуыңыз мүмкін.
Техникалық регламенттердің
талаптарына сәйкестік туралы
декларациялар
Тек Еуропа елдеріне арналған
Өндіруші ретінде: Makita Europe N.V., жұмыс
мекенжайы: Jan-Baptist Vinkstraat 2 3070
Kortenberg, БЕЛЬГИЯ. Казухиса Макино мырзаға
техникалық файлды әзірлеуге уәкілдік береміз
және өз айрықша жауапкершілігімізбен өнімнің
(өнімдердің) төмендегідей екенін мәлімдейміз;
Атауы: Комбимоторға арналған саптама сорғы.
Түр(лер)інің атауы: PF400MP.
2006/42/EC директивасының және келесі
EC/EО директиваларының барлық тиісті
ережелерін орындайды: 2000/14/EC және келесі
үйлестірілген стандарттармен сәйкестікте
өндірілген: EN 60335-1:2012+A11:2014+A13:2017
+A1:2019+A14:2019+A2:2019+A15:2021, EN IEC
60335-2-41:2021+A11:2021.
Мәлімдеме жасалған жер және күні: Кортенберг,
Бельгия. 1. 9. 2023
Жауапты тұлға: Казухиса Макино, директор —
Makita Europe N.V.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
Сорғының қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ:
Пайдалану алдында барлық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын, нұсқаулықтарды,
суреттер мен техникалық сипаттамаларын,
сондай-ақ, қуат блогының нұсқаулығын
оқыңыз. Төмендегі барлық нұсқауды
орындамаған жағдайда, операторды және/немесе
жанында тұрған адамдарды электр тогы соғуы, өрт
шығуы және/немесе ауыр жарақат алуы мүмкін.
Алдағы уақытта қолдану
үшін барлық ескертулер мен
нұсқауларды сақтап қойыңыз.
Ескертулер мен сақтандырулардағы "сорғы"
және "машина" сөздері саптама мен электрлік
қондырғыны бірге білдіреді.
Оқыту
Нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
1.
Машинаны дұрыс пайдалану тәсілімен және
оның басқару элементтерімен танысыңыз.
2.
Балалардың, физикалық, сенсорлық немесе
ақыл-ой қабілеті төмен, тәжірибесі мен
білімі жетіспейтін адамдардың, сондай-ақ
құрылғыны пайдалану нұсқауларын
оқымаған адамдардың бұл құрылғыны
пайдалануына мүлде жол бермеңіз.
Жергілікті нормаларға сәйкес оператор
жасына шектеу қойылуы мүмкін.
3.
Қасында адамдар, әсіресе балалар немесе
үй жануарлары тұрса, машинаны мүлде
пайдалануға болмайды.
4.
Оператор немесе пайдаланушы басқа адамдарға
немесе олардың мүлкіне байланысты
туындайтын жазатайым оқиғаларға немесе
қауіптерге жауапты екенін ескеріңіз.
Дайындау
1.
Құрылғыны пайдаланған кезде міндетті түрде
мықты аяқ киім мен ұзын шалбар киіңіз.
2.
Су кіретін тесікке тартылып кіре алатын бос
киім кимеңіз және әшекей тақпаңыз. Ұзын
шашты су кіретін тесіктерге жақындатпаңыз.
3.
Электрлік құралды пайдаланған кезде
көзіңізді жарақаттап алмау үшін міндетті
түрде қорғаныс көзілдірігін тағыңыз.
Қорғаныс көзілдіріктері АҚШ-та ANSI Z87.1,
Еуропада EN 166 немесе Австралияда/
Жаңа Зеландияда AS/NZS 1336 қауіпсіздік
стандарттарымен сәйкес келуі керек.
Австралияда/Жаңа Зеландияда бетіңізді
қорғау үшін қорғаныс маскасын кию заң
негізінде талап етіледі.
Құрал пайдаланушылары мен жұмыс
аймағындағы басқа да тұлғалардың
тиісті қауіпсіздік қорғаныс жабдықтарын
пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс
берушінің жауапкершілігінде.
4.
Шаңнан тітіркенуді болдырмау үшін, бет
маскасын тағу ұсынылады.
5.
Құралмен жұмыс істеу барысында, әрқашан
сырғанамайтын қорғаныс аяқ киімін киіңіз.
Сырғанамайтын, басы жабық қорғаныс етіктері
мен аяқ киімдері жарақат алу қаупін азайтады.
Құлақ қорғанысын (мысалы, құлаққапты)
6.
тағыңыз. Шуылдың әсері есту қабілетінің
жоғалуына әкелуі мүмкін.
7.
Қорғаныс қолғабын киіңіз.
238 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

0088381777070

Table of Contents