LG LA62 Series Owner's Manual page 93

Led tv lg la62 series; la64 series; la66 series; la69 series; la74 series; ln57 series; ln61 series
Hide thumbs Also See for LA62 Series:
Table of Contents

Advertisement

y Өнімді жылжытқанда немесе орауыштан шығарғанда, жұп болып жұмыс
істеңіз, өйткені өнім ауыр.
Әйтпесе, бұл жарақат алуға әкелуі мүмкін.
y Өнімнің ішкі бөлімдерін тазалау үшін жылына бір рет қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Шаң жиналып қалса, механикалық ақаулықтар пайда болуы мүмкін.
y Бүкіл қызмет көрсетуді білікті қызмет көрсету қызметкерлеріне жіберіңіз.
Өнім қуат сымы немесе штепсельдік ұшы зақымдалған болса, оған су тиіп
немесе үстіне заттар түсіп кеткен болса, жабдыққа жаңбыр немесе ылғалды
заттар тисе, ол дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе құлап қалған және тағы да
басқаша зақымдалған болса, қызмет көрсетуді қажет етеді.
y Ұстағанда, өнім салқын көрінсе, қосылғанда өнім «жыпылықтауы» мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай, өнімдегі ақау емес.
y Бұл панель – ажыратымдылығы екі миллионға алты миллион пиксел болатын
жоғары технология өнімі. Панельде өлшемі 1 б/м майда қара нүктелерді және/
немесе жарық түсті нүктелерді (қызыл, көк немесе жасыл) көруіңіз мүмкін.
Бұндай дыбыстың шығуы өнімнің жұмыс сапасы мен сенімділігіне әсер
етпейді.
Сондай-ақ, бұл құбылыс үшінші тарап өнімдерінде орын алады және
алмастыруға немесе ақшаны қайтаруға жатпайды.
y Көру күйіне (сол/оң/үсті/асты) байланысты панельдің әр түрлі жарықтығын
және түсін табуға болады.
Сондай-ақ, бұл құбылыс панельдің сипаттамасына байланысты орын алады.
Ол өнімнің жұмысына қатысты емес, әрі ақаулық болып табылмайды.
y Қозғалыссыз кескінді (мысалы, тарату арнасының логотипі, экрандағы мәзір, бейне ойынынан
алынған көрініс) ұзақ уақыт бойы көру экранды зақымдап, кескіннің сақталуына әкелуі мүмкін.
Бұл қалдық кескін ретінде белгілі. Бұл кепілдік өнімдегі қалдық кескінді қамтымайды.
Теледидар экранында ұзақ уақыт бойы бекітілген кескінді көрсетпеңіз (СКД үшін 2 сағат немесе
одан көп, плазма дисплейі үшін 1 сағат немесе одан көп).
Сондай-ақ, егер теледидардың кадр пішімі ұзақ уақыт бойы 4:3 болса, экранның жоғарғы және
төменгі жағында кескін ізі пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ, бұл құбылыс үшінші тарап өнімдерінде орын алады және алмастыруға немесе
ақшаны қайтаруға жатпайды.
y Шығарылған дыбыс
Тырс еткен дыбыс: теледидарды көріп отырғанда немесе өшіргенде шығатын дыбыс,
температура мен ылғалдылыққа байланысты пластикалық жылу сығылуы нәтижесінде пайда
болады. Бұл дыбыс — температура деформациясы талап етілетін барлық өнімдер үшін ортақ
құбылыс. Электр тізбегінің гуілдеген/панельдің дызылдаған дыбыс шығаруы: өнімді істету үшін
токтың үлкен мөлшерін жеткізгенде, жылдамдығы жоғары коммутация схемасынан шығады.
Өнімге байланысты әртүрлі болады.
Бұндай дыбыстың шығуы өнімнің жұмыс сапасы мен сенімділігіне әсер етпейді.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
9

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

La69 seriesLa74 seriesLn57 seriesLn61 seriesLa64 seriesLa66 series ... Show all

Table of Contents