Motorola moto g54 5G Read Me page 31

Hide thumbs Also See for moto g54 5G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 3
Анықтама және қосымша
Жауаптар, жаңартулар және ақпарат алу:
• Анықтама мына жерде: телефоныңызды пайдалану әдісін үйрену және
қолдау алу үшін басты экранда жоғары қарай сырғытыңыз да, Настройки >
Справка тармағын түртіңіз.
• Қосымша: бағдарламалық құралды, пайдаланушы нұсқаулықтарын
және басқа материалдарды мына веб-мекенжай бойынша алыңыз:
www.motorola.com/mymotog.
• Қолданбаларды алу: қолданбаларды шолу және жүктеп алу үшін Play Store
белгішесін түртіңіз.
• 5G арқылы қосылу: 5G қызметтік жоспары және 5G желі қамтылуы қажет; тек
таңдамалы аймақтарда қолжетімді; құрылғы кейбір 5G желілерімен үйлесімді
емес. Мәліметтер алу үшін қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Құқықтық ақпарат. Бұл нұсқаулықта өнімді пайдаланар алдында оқылуға тиісті
маңызды құқықтық, қауіпсіздік туралы және нормативтік ақпарат берілген. Толық
құқықтық ақпарат алу үшін басты экраннан жоғары қарай жанап өтіңіз де,
Настройки >
немесе мына мекенжай бойынша өтіңіз: www.motorola.com/device-legal.
Су жұқпайды. Телефоныңыз суға төзімді емес. Телефоныңыздың суға төзімді
дизайны және оған күтім көрсету туралы қосымша ақпарат алу үшін белгішені
жоғары сырғытып өтіп, Настройки > Справка тармағын түртіңіз.
Зарядтау және батареяның қауіпсіздігі. Ықтимал күйіп қалу және жарақат алу
қаупін болдырмау үшін телефондағы батарея Motorola компаниясы мақұлдаған
қызмет көрсету орталығында немесе сондай біліктілікке ие маман тарапынан
шығарылуы тиіс.
Егер телефон жауап бермей қалса, Қуат түймесін экран өшіп, телефон қайтадан
қосылғанша басып тұрыңыз. Телефонды үйлесімді Motorola зарядтағышымен
(бөлек сатылуы мүмкін) зарядтаңыз. Басқа зарядтағыш құрылғыларды
пайдаланбаған жөн, себебі олар зарядтау өнімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.
Телефоныңызды -20°C (-4°F) шамасынан төмен немесе 45°C (113°F) шамасынан
жоғары температурада зарядтамаңыз. Қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес
келмейтін зарядтағыштар қауіпті болуы, өлім немесе жарақат алу қаупіне ие және
баяу зарядталуы немесе өнімді зақымдауы мүмкін. Қолданыстағы стандарттарды
немесе қосымша ақпаратты көру үшін осы нұсқаулықтың "Құқықтық ақпарат"
бөлімін қараңыз немесе мына мекенжайға өтіңіз: www.motorola.com/device-legal.
Жоғары дыбыс деңгейін пайдалану туралы ескерту. Есту жүйесін
зақымдап алмау үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт тыңдамаңыз.
Құлаққабыңыздың дыбыс деңгейі жоғары деңгей шегіне жеткен кезде,
ескерту көрсетіледі. Оны жабу үшін OK түймесін түртіңіз немесе бірден бес
секундқа дейін күтіп, ескертуді жабу және дыбыс деңгейін ары қарай реттеу үшін
дыбыс деңгейін көтеру түймесін басыңыз.
Кәдеге жарату және қайта өңдеу. Өнімдер мен қаптаманы
жауапкершілікпен қайта өңдеу бойынша анықтама алу үшін мына жерге
өтіңіз: www.motorola.com/recycling.
Тым ыстық немесе суық жер. Телефоныңызды -20°C (-4°F) шамасынан
төмен немесе 45°C (113°F) шамасынан жоғары температурада пайдаланбаңыз.
Телефоныңызды -20°C (-4°F) шамасынан төмен немесе 60°C (140°F) шамасынан
жоғары температурада сақтамаңыз/тасымалдамаңыз.
тармағын түртіңіз, содан кейін Юридическая информация теріңіз
31

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents