Samsung UE32K4100A Manual page 86

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 30
Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар
(ТД-ды пайдалану алдында осы Қауіпсіздік нұсқауларын оқуыңызды сұраймыз.)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
АШПАҢЫЗ, ЭЛЕКТР ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАЙСЫЗ.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ
ҮШІН ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН)
АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ
ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА
ТАПСЫРЫҢЫЗ.
Бұл таңба құрылғының ішінде жоғары кернеу бар
екенін көрсетеді. Осы құрылғының кез келген ішкі
бөлшегіне қол тигізу қауіпті.
Бұл белгі осы құрылғыны іске пайдалануға
және күтіп ұстауға қатысты маңызды нұсқаулар
кітапшасының жинаққа кіргенін көрсетеді.
Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін қажет. Осы
құрылғының сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету және оны қатты қызып кетуден қорғау үшін, аталмыш ұяшықтар мен
саңылауларды ешқашан бітемеу немесе жабық ұстамау керек.
- Осы құрылғыны кітап сөре немесе кіріктірілген шкаф тәрізді тар жерге, ауа айналымы жоқ болса орнатпаңыз.
- Осы құрылғыны батарея немесе қызу қондырғысының қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура түсетін жерге
қоймаңыз.
- Осы құрылғының үстіне су құйылған сауыттарды (құмыра, т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе электр қатері орын алуы
мүмкін.
Осы құрылғыны жаңбыр немесе суға жақын жерге (ванна, леген, ас үй раковинасының немесе кір жуатын шылапшынның
қасына, ылғалды жертөленің ішіне немесе бассейн, т.с.с.) қасына қоймаңыз. Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса,
электр желісінен ағытыңыз да, дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз.
Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоқысқа дұрыс тастауды қажет ететін
қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін. Қоқысқа тастау немесе қайта өңдеуге қатысты ақпаратты жергілікті
мекемеге хабарласып алыңыз.
Розетка, қорек сымы немесе адаптерді көрсетілген жүктемесінен асыра жүктемеңіз, себебі өрт немесе электр қатеріне
ұшырауыңыз мүмкін.
Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп төсеу керек.
Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аударыңыз.
Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған немесе ұзақ уақыт қолданбаған кезде, розеткадан
суырып, антенна немесе кабель жүйесін ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде
құрылғығаға зақым келуден сақтайды.
АТ қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ адаптерінің кернеуінің, жергілікті электр желісінің техникалық
параметрлеріне сай екеніне көз жеткізіңіз.
Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Электр қатері пайда болуы мүмкін.
Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник
ғана ашуға тиіс.
Қорек сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қуат сымын розеткадан әрқашан ашаның өзінен ұстап ағытыңыз.
Ешқашан қуат сымынан тартып ағытпаңыз. Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.
Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан
суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
UK5100B_RU_BN68-07408D-05_L04.indb
2
II сынып өнімі: Бұл белгі жерге қосу (тұйықтау) үшін
қауіпсіз қосылымның қажет емес екенін көрсетеді.
АТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген
номиналды кернеудің АТ кернеуі екенін көрсетеді
ТТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген
номиналды кернеудің ТТ кернеуі екенін көрсетеді.
Назар аударыңыз, Пайдалану үшін нұсқауларды
қараңыз: Бұл белгі пайдаланушыға қосымша
қауіпсіздік ақпаратын пайдаланушы нұсқаулығынан
қарау керек деп нұсқайды.
Казақ - 2
2016-07-25
5:59:54

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

5 series4 seriesUe32k5100aUe40k5100aUe49k5100a

Table of Contents