Теледидарды Қабырғаға Бекіту - Samsung UE40D8000Y User Manual

Hide thumbs Also See for UE40D8000Y:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Абайлаңыз: Теледидарды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, ол құлап кетуі
мүмкін. Әсіресе, балалардың теледидар үстіне шықпауын немесе оны жылжытпауын
қадағалаңыз; себебі теледидар аударылып кетіп, ауыр жарақатқа не адам қазасына әкеліп
соғуы мүмкін. Қоса жеткізілген қауіпсіздік парағындағы сақтық шараларының барлығын
орындаңыз. Орнықтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, аударылып кетуден
сақтандыратын құралды төмендегідей орнатыңыз.
Теледидар құлап қалуға жол бермес үшін
1. Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға мықтап
бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.
Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша
зат қажет болуы мүмкін.
Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау құрылғымен бірге
жеткізілмейтіндіктен оларды жеке сатып алу қажет.
2. Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан алыңыз
да, қапсырмаға салыңыз, содан соң бұрандаларды қайтадан
теледидарға бекітіңіз.
Бұрандалар құрылғымен бірге жеткізілмеуі мүмкін. Мұндай
жағдайда, келесі техникалық сипаттамаға ие бұрандаларды
сатып алуды сұраймыз.
Бұранданың техникалық сипаттамасы
19 ~ 27 дюйм үшін: M4
x
32 ~ 75 дюйм үшін: M8
x
3. Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген қапсырмаларды берік сым арқылы
жалғап, содан соң мықтап байлаңыз.
ЕСКЕРІМ
Теледидар артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу орнатыңыз.
x
Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен теледидарға бекітілген қапсырма
x
бір деңгейде не одан төменірек тұру үшін оларды сыммен қосып байлаған дұрыс.
Сымды теледидарды жылжытпай тұрып шешіңіз.
x
4. Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қосылымдардың босап қалмағанын
мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қосылымдардың берік екендігіне күмәндансаңыз, білікті маманға
хабарласыңыз.
Теледидарды қабырғаға бекіту
Казақ - 18
Қабырға

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

8 seriesUe46d8000yUe55d8000y

Table of Contents