Philips GC8700 Series User Manual page 49

Hide thumbs Also See for GC8700 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 3
3 Үтікті қақ тазалау ыдысына қозғалмайтын етіп қойыңыз (20-сурет).
4 Қысқа дыбыстық сигналдарды естігенше ҚАҚ ТАЗАЛАУ түймесін 2 секунд басып тұрыңыз
(21-сурет).
Ескерту: Қақ тазалау ыдысы қақ тазалау процесінің барысында қақ бөлшектерін және ыстық суды
жинауға арналған. Бүкіл процесс барысында үтікті осы ыдысқа қою мүлде қауіпсіз.
5 Қақ тазалау процесі кезінде қысқа дыбыстық сигналдарды және соратын дыбысты естисіз
(22-сурет).
6 Процесс аяқталғанша, шамамен 2 минуттай күтіңіз. Қақ тазалау процесі аяқталған кезде үтік
дыбыстық сигнал шығаруды тоқтатады және ҚАҚ ТАЗАЛАУ шамы жыпылықтауды қояды (23-сурет).
7 Үтікті шүберекпен сүртіп алып, негізге қойыңыз (24-сурет).
Абайлаңыз: Үтік ыстық.
8 Қақ тазалау процесі кезінде қақ тазалау ыдысы ыстық болатындықтан оны ұстамас бұрын шамамен
5 минуттай күте тұрыңыз. Одан кейін қақ тазалау ыдысын шұңғылшаға апарып төгіңіз де, кейін тағы
пайдалану үшін сақтап қойыңыз (25-сурет).
9 Қажет болғанда 1–8 қадамдарын қайталауға болады. Қақ тазалау процесін бастамай тұрып қақ
тазалау ыдысын босатыңыз.
Ескерту: Қақ тазалау процесінің барысында үтік ішінде қақ жиналмаған болса, табаннан таза су
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Қақ тазалау процесін орындау әдісі туралы ақпарат үшін келесі сілтеме бойынша бейнелерді қараңыз:
http://www.philips.com/descaling-iron.
Үтік табанын тазалау
Құралды дұрыс сақтау үшін оны әрдайым тазалап тұрыңыз.
1 Құралды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
2 Дақтарды оңай және тиімді түрде кетіру үшін, үтіктің табанын қыздырып, ылғал шүберекке
ысқылаңыз (26-сурет).
Кеңес: Тегіс сырғуды қамтамасыз ету үшін үтіктің табанын кезеңді түрді тазалаңыз.
Сақтау
1 Бу генераторын өшіріп, ток көзінен ажыратыңыз.
2 Бу ыдысындағы суды шұңғылшаға төгіңіз (27-сурет).
3 Су жеткізу шлангісін бүгіңіз. Су жеткізу шлангісін су жеткізу шлангісі сақталатын бөлімнің ішіне
орап, оны сақтау ілмегімен бекітіңіз (28-сурет).
4 Ток сымын бүгіп, Velcro таспасымен бекітіңіз (29-сурет).
5 Тасымалдау бекітпесін босату түймесін басып, үтікті түпқоймасына құлыптаңыз (30-сурет).
6 Үтік түпқоймаға бекітілгенде үтіктің тұтқасынан ұстап бір қолмен алып жүруге болады (31-сурет).
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі ақпараттың көмегімен
мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін www.philips.com/support
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе
Үтік бу шығармайды.
Ықтимал себеп
Су ыдысындағы су
жеткіліксіз.
Шешім
Су ыдысын МИН көрсеткішінен көбірек
толтырыңыз. Бу шыққанша бу қосқышын
басып тұрыңыз. Бу шыққанша 30 секундқа
дейін кетуі мүмкін.
Қазақша
51

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gc8711/20

Table of Contents